Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰҚК: Алматыда Наурызда теракт жасамақ болған адам құрықталды

ҰҚК: Алматыда Наурызда теракт жасамақ болған адам құрықталды

Алматыда Наурыз мейрамы қарсаңында теракт жасамақ болғандар құрықталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК хабарлады.
"2020 жылғы 13 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті жедел- іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Алматы қаласында «ДАИШ» (Қазақстанда тыйым салынған) халықаралық террористік ұйымы идеологиясын ұстанушыны ұстап, сот санкциясымен қамауға алды.
Тұтқындалған адам Наурыз мейрамын мерекелеу кезеңінде халық көп шоғырланған орындарда теракт дайындады деген күдікке ілінген. Тергеу іс-қимылдары барысында одан екі жауынгерлік граната алынды.
Көрсетілген адамға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 255 (Терроризм актісі) және 258 (Террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік) баптары бойынша қылмыстық істер қозғалды", делінген ресми хабарламада.
14 наурыз 2020 ж. 430 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031