Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан халқы Ассамблеясы Қордайдағы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан халқы Ассамблеясы Қордайдағы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан халқы Ассамблеясы Қордайдағы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.

«Қордайдағы оқиға ел азаматтарының әрбірінің жүрегіне қанжардай қадалды. Оқиға кезінде азаматтарымыз көз жұмды. Қазақстан халқы Ассамблеясы көз жұмған азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айта отырып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейді. Мемлекет басшысы жанжалдың салдарын еңсеру бойынша нақты тапсырмаларды берді. Біз Қазақстан халқын осынау іске үн қосып, қолдау білдіруді сұраймыз», – делінген ҚХА мәлімдемесінде.

Ассамблея елдің барлық өңірінде этномәдени бірлестіктердің басын қосып түсіндіру жұмыстарын жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

«Ассамблея мүшелері кез келген қылмыстың ұлттық сипаты болмайтыны, сондай-ақ кінәлілердің бәрі заңға сәйкес анықталып, жазалануы керектігі жайлы ортақ пікір білдіреді. Сондықтан, қазіргі кездегі ең маңызды міндет – арандатушылыққа бой алдырмай, жеке адамдардың жасаған әрекеттерін тұтас ұлттарға телуге жол бермеу. Ассамблея халықтың даналығына сенім білдіреді әрі біздің азаматтарымызды, әсіресе жастарды елдегі бейбітшілік пен келісімді бұзатын және өздеріне зиян келтіретін өрескел сөздер мен әрекеттерден аулақ болуға шақырады. Қазақстан халқы әрқашан бір-бірімен бауырластық қарым-қатынастың үлгісі болып қала беретініне сенімдіміз. Балаларымыздың ортақ болашағы үшін біз ұлтаралық араздықты қоздыруға жол бермеуіміз керек», – дейді ҚХА мәлімдемесінде.

Сонымен қатар ҚХА жалған мәліметке сенбей, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін органдарға көмек көрсетуге, елдегі тыныштық пен бейбітшілікті сақтауға шақырады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Масанчи ауылының тұрғындары арасында жаппай төбелес болып, одан 8 адамның көз жұмғанын, қазіргі таңда осы оқиғаға қатысты 47 адамның ұсталғанын хабарлаған болатынбыз. 
Kyzylorda-news.kz.
08 ақпан 2020 ж. 235 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031