Э.Тұрсынбаева әлемдегі үздік мәнерлеп сырғанаушылардың тізіміне енді
Халықаралық коньки тебушілер одағы (ISU) жеке сырғанауда әлемнің үздік мәнерлеп сырғанаушылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.
Оған қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева да енген. Ол 3108 ұпаймен 10-орында тұр. Ресейлік Алина Загитованы төрт құрлық чемпионатындағы жеңісіне байланысты рейтингтегі бірінші орыннан ығыстырып, жапон қызы Рика Кихира жаңа көшбасшы болды. Сондай-ақ үштікті тағы бір жапон мәнерлеп сырғанаушысы Сатоко Мияхара түйіндеді. Әлемнің үздік 10 мәнерлеп сырғанаушысы: Рика Кихира (Жапония) — 4708 Алина Загитова (Ресей) — 4702 3. Сатоко Мияхара (Жапония) — 4089 Бради Теннелл (АҚШ) — 3864 Евгения Медведева (Ресей) — 3734 Каори Сакамото (Жапония) — 3724 Алена Косторная (Ресей) — 3255 Вакаба Хигучи (Жапония) — 3187 Анна Щербакова (Ресей) — 3126 Элизабет Тұрсынбаева (Қазақстан) — 3108.