Ақпан айына арналған ауа райы болжамы

6-8 ақпан аралығында солтүстік және шығыс өңірлерде қалың қар жауып, боран соғады. Жел 15-25 м/с дейін күшеюі мүмкін. Сонымен қатар Иран аудандарынан жылы ауа массасының келуі температуралық фонның жоғарылауына себеп болады: батыста, солтүстік-батыста түнде -3-8°С-тан 0-5°С-дейін, кей жерлерде +3, күндіз 0-5°С-тан 0+7°С-дейін, солтүстікте, орталықта және шығыста түнде -20-28°С-тан 0-10°С- дейін, күндіз -8-15°С-тан -3+2°С-дейін, кей жерлерде -6°С, оңтүстік, оңтүстік-шығыста түнде 0-8, кей жерлерде -13°С-тан -3+2°С- дейін, күндіз +2+7°С-тан +5+12°С-дейін. Бірінші онкүндіктің соңында Қазақстан аумағы бойынша ауа температурасының төмендеуі күтіледі: солтүстік бөлігінде түнде -10-20°С дейін, күндіз -5-13°С-дейін, оңтүстік бөлігінде түнде -3-13°С дейін, күндіз 0-7°С- дейін. Ұзақ мерзімді болжамға сәйкес, айдың екінші және үшінші онкүндігінде циклондар мен антициклондардың жиі алмасуы болжанады, онда ашық аязды күндер жиі жылы және жауын-шашынды күндермен алмасады. Осылайша орташа айлық ауа температурасы Қазақстанның басым бөлігінде нормадан 1°С жоғары, тек батыста – климаттық көрсеткіш қалыпты шамада күтіледі. Жауын-шашын мөлшері Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігінде және оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс аймақтарының тау бөктеріндегі аудандарда нормадан көп, ал қалған аймақтарда норма шамасында күтіледі. Болжам синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай, елеулі түзетулерге ұшырауы мүмкін консультативтік сипатқа ие екенін атап өткен жөн.