Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан мен Ресей Жайық өзенін бірлесе зерттейді

Қазақстан мен Ресей Жайық өзенін бірлесе зерттейді

Екі елдің сарапшылары наурыз айында гидрологиялық зерттеуді бастауды жоспарлап отыр. Арнайы жұмыс тобы құрылады
Қазақстан мен Ресей Жайық өзенінің гидрологиялық режимін зерттеу үшін сарапшылардың бірлескен тобын құрайды.

Мұндай ұсынысты Ресейге жұмыс сапарымен барған Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп жазылған ведомствоның Facebook-тегі парақшасында.

Ол Ресейдің табиғи ресурстар және экология министрі Дмитрий Кобылкинмен кездесу барысында Жайық өзені бассейнінің экожүйесін жақсарту бағдарламасын құру мәселесін де талқылады. Каспий итбалығы мен киіктердің популяциясын сақтау жайлы да сөз болды.

"Біздің ведомстволар арасында жұмыс тобын құру қажет. Ол Жайық өзенінің заманауи гидрологиялық режимін зерттеп, тиісті техникалық тапсырма әзірлеуі керек. 2020 жылдың наурыз айында сарапшылар іске кірісе алады", - деді Мағзұм Мырзағалиев.

09 қаңтар 2020 ж. 664 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9308)

03 маусым 2025 ж.

№40 (9307)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (9306)

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30