Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Иран генералының қазасынан кейін мұнай бағасы көтеріліп кетті

Иран генералының қазасынан кейін мұнай бағасы көтеріліп кетті

Иран генералының қазасынан кейін мұнай бағасы көтеріліп кетті
Ирандық генерал Касем Сүлеймани амриканың әуе соққысынан қаза тапқаны туралы ақпараттан кейін мұнай бағасы қымбаттады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Нұр-Сұлтан уақытымен 11.00-де Солтүстік теңіздегі Brent маркалы мұнай қоспасының наурыздағы фьючерстерінің бағасы барреліне 3,424 пайызға өсіп, баррелі үшін 68,34 долларды құрады, ал WTI маркалы мұнайдың ақпан айындағы фьючерстері 3,125 пайызға өсіп, баррелі үшін 63,03 долларды құрады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Бағдад әуежайына зымыранмен соққы жасалған кезде Ирактың шиіттер тобының жоғары лауазымды бес мүшесі әл-Хашд әл-Шааби мен Иран Ислам революциялық күзет корпусының «Кудс» арнайы күштерінің басшысы генерал Касем Сулейманийдің қаза болғаны туралы белгілі болды.
Қайтыс болғандардың ішінде 31 желтоқсанда АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Бағдадтағы АҚШ елшілігіне шабуыл жасады деп айыпталған Абу Махди аль-Мухандис бар.
Әуе соққысы үшін жауапкершілікті Америка Құрама Штаттары өз мойнына алды.
03 қаңтар 2020 ж. 746 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031