Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қазақфильм» туындылары Бангладештегі кинофестивальге қатысады

«Қазақфильм» туындылары Бангладештегі кинофестивальге қатысады

Режиссер Ермек Тұрсыновтың «Шырақшы» және Нұргелді Садығұловтың «Балуан Шолақ» фильмдері Бангладеште келер жылы қаңтардың 10-ы мен 19-ы аралығында өтетін 18-ші Dhaka International Film Festival кинофестивалінің бағдарламасына қатысады.

Бұл туындыларды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген. Даккадағы халықаралық кинофестиваль 1992 жылдан бері Rainbow Film Society қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізіліп келеді. Байқаудың мақсаты – киносүйер қауымды әлемдегі жаңа фильмдермен таныстырып, кино қайраткерлерінің шеберлігін және кино өндірісі жұмыстарын жетілдіру. Dhaka International Film Festival – Бангладеште өтетін ең беделді фестивальдердің бірі. «Шырақшы» фильмі – Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде неміс қариядан киноаппарат сыйға алған солдат туралы. Соғыстан соң елге оралған ол қартайған шағына дейін ел аралап, киноаппаратпен ескі фильмдерді көрсетумен айналысады. Бұл туынды келер жылы 23 қаңтардан бастап прокатқа шығатынын айта кеткен жөн. Ал «Балуан Шолақ» картинасы есімі тарихта қалған палуан, әнші әрі композитордың өмірі туралы баяндайды. Бұл фильм елімізде биыл көктемде көрсетілді.

24.kz

25 желтоқсан 2019 ж. 2 268 0