Маскүнемдіктен арылудың тәсілі анықталды
Kyzylorda-news.kz. Кетаминнің бір мөлшерлік дозасы ішімдікке тәуелділіктен айырылуға көмектеседі. Бұл тоқтамға Лондон университеттік колледжінің ғалымдары келіпті, деп хабарлайды Stan.kz.
Зерттеушілер тәжірибесіне 90 адам қатысыпты, олардың барлығы да маскүнемдікке салынған жандар екен. Еріктілердің барлығы бірдей аптасына 74 бөтелкеден астам ішімдік тұтынатын көрінеді. Бұл көрсеткіш ұсынылған мөлшерден 5 есе көп. Тәжірибе басында оларға бір стақан сыра ұсынылып, егер сынақтардың барлығынан жалтармай өтсе ішуге болатыны айтылыпты.
Бір күндері оларға алкогольді сусын ұсынылып, ал келесі күні ішімдік ішуге мүлдем рұқсат етілмепті. Алкогольды тұтынуға тыйым салынған күні ғалымдар еріктілердің ағзасына кетамин егіпті. Препарат маскүнемдердің ішімдікке деген ынтызарлығын басқан көрінеді. Нәтижесінде мамандардың пайымдары расталып, кетаминнің пайдалы қасиеті анықталыпты.