Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жалғыздықтың себебі: ешкім айтпайтын шындық

Жалғыздықтың себебі: ешкім айтпайтын шындық

Нәзік жандылар қарапайым сұрақтың жауабын іздеуде барлығын өздері қиындатып алады. Сондықтан өзінің жалғыздығына кінәліні сырттан іздеуге тырысады, тек өз кінәсі жоқ.
Айнаға сенбейсіз Ішкі әлеміңіз бай, жүрегіңіз кең, аса мейірімдісіз, ешкімге жамандық ойламайсыз. Жігіттер мені осындай қасиеттеріме бола ұнатсын дейсіз де, қолға ілінген киімді киіп, жуылмаған шашпен де шыға салудан тайынбайсыз. Бейтаныс жан сіздің ішкі жан дүниеңіз қандай сұлу екеніне үңілу үшін, алдымен сырт келбетіңізде тартымды бірнәрсе болуы керегін ұмытпаңыз. Жинақы болу мен жасанды болуды шатастырасыз Қай ақпаратты оқысаңыз да жігіттер өз-өзіне күтім жасайтын, тиянақты қыздарды ұнататынын жазады, ал өзіңе күтім көрсету деген бес батпан бояу, жабыстырылған кірпік, апта сайын жаңартылатын маникюр емес екені еш жерде жазылмайды. Өз-өзін күтетін ару денсаулығына көңіл бөледі, сондықтан оның терісі де, шашы да, тырнағы да әдемі көрінеді. Жан дүниеңіз «қу тақыр» Кітап оқуды ұнатпайсыз, ешқайда бармайсыз, ештеңеге қызықпайсыз. Үйден жұмысқа (сабаққа), жұмыстан үйге – күн сайын қайталанатын өміріңіз осы. Әлем жаңалықтарын тек «жұлдыздардың» парақшасынан оқисыз. Кешіңіз тек Инстаграм парақтаумен не сериал көрумен өтеді. Жігіттердің алғашқы кездесуде «Өзің жайлы айтып берші» деген қарапайым сұрағына берер жауабыңыз жоқ, өйткені жабырқау, дамымау, зерігуден басқа айтар түгіңіз жоқ. Нәзіктік, тартымдылық жоқ Өзіңіз ұнатқан жігітті көргенде көзіңіз нұр шашып, жанып тұрмайды. Жігіттерге салқындық танытып, «алдыңызға келгенін тістеп, артыңыздан келгенін теуіп» әлек боласыз не барлығына «аға-бауыр» ретінде қарап, ары аса алмайсыз. Өте жақсы, тіпті әдемі қыз шығарсыз, бірақ сізге ешкім қызықпайды. Мұның себебін іздеп, өзіңізді танып, нәзіктігіңізді шығарыңыз. Өзіңізді бағалауыңыз төмен Өзіңізді бағаламайсыз, өзгелер сізді қалай жақсы көретінін елестете де алмайсыз. Егер әлдекім көзін сүзе бастаса, ол сізге ұнап тұрса да, барлығына бірден нүкте қоюға асығасыз. Тез тұтанған сезімі тез өшіп қалады деп қорқа бересіз. Өзін өзі бағалауы төмен арулар ұзақ уақыт жалғыздықтан жапа шегеді не сан жылдар бойы өзі қаламаған адаммен бірге болады. Әзілдесе білмейсіз Өзіңізді әдемі, өзіне сенімді, тартымды сезіне алмайсыз, сондықтан сезім туралы әңгімеден қашқақтайсыз. Жасқанып, не айтарыңызды білмей, жанарыңызды тайдырып әкете бересіз. Маңдайыңызда тек: «Бұл келбетті жігіт мені не қылсын» деген жазу тұрады. Ақыры ішкі түйсігіңіз жеңіп тынады. Әдептен жұрдайсыз Бойына шақ емес көйлек киіп алғанға қарағанда, ойына шақ емес сөз сөйлеген әйел заты сүйкімсіз көрінеді. Әр жерде өзіңізді қалай ұстауды білмесеңіз, бұл сіздің ең осал тұсыңыз. Ешкім күлмейтін әзіл, ақымақ сұрақтар, қажет кезде үндемей қалу, баратын жерге қарай ыңғайлы киім таңдай алмау – мұның барлығы ер адамды шошытады. Өзінің өмірлік жары үшін ғұмыр бойы ұялып жүру ешкімге де ұнамайды. Әйел затына лайық емес әрекеттер істейсіз Көмек сұрай білмейсіз, ер адамды қажет жерде мақтап, оның басымдығын мойындай алмайсыз. Өзіңізге айтылған мақтауды да дұрыс қабылдамайсыз, мейрамханада сіз үшін ақша төлесе арланасыз – мұның барлығы ер адамға еркек ретінде қарамаудың белгісі ретінде қабылданады. Барлығын өзім істей аламын десеңіз, жаныңыздағы еркек өзін қажетсіз сезінеді де, келмеске кетіп қалады. Арманыңыз айдай Менің болашақ жарым осындай болу керек дегенде тізіміңізге сан жетпейді. Ал өзіңіз сондай идеал жігітке лайық болу үшін не істеп жүрсіз? «Еркектің бәрі оңбаған» Бұрынғы жігіттен оңбай опық жегенсіз немесе тіпті бұрын жігітіңіз болмаған. Ал айналада көрген ер адамдарыңыздың барлығы опасыз: әкеңіз анаңызды тастап кеткен, құрбыңыздың күйеуі көзіне шөп салып жүр, бастығыңыз үйлі-баранды болса да бойдақтарға қырындауын қоймайды. Мұның барлығына тек еркектер кінәлі деп есептейсіз. Өз бойыңыздан қай қателікті көрдіңіз, мойындай аласыз ба?
18 қараша 2019 ж. 987 0