Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Шаш жылдам өсу үшін қандай күтім қажет?

Шаш жылдам өсу үшін қандай күтім қажет?

Ð¨Ð°Ñ Ð¶Ñлдам Ó©ÑÑ Ò¯ÑÑн Òандай күÑÑм ÒажеÑ? Шашыңызды қысқартып қиып тастадыңыз, бірақ біраз уақыт өткен соң қайтадан бұрынғы шаш ұзындығына оралғыңыз келеді. Ендеше, шаш жылдам әрі дұрыс өсуі үшін қандай әрекеттерді әдетке айналдыру керек? Бас терісіне мән беру. Бас терісіне күтім жасау және массаж жасау арқылы шаштың жылдам өсуіне ықпал етесіз. Бас терісіне арналған үйден маскалар дайындаңыз немесе бас терісін тазартатын арнайы салондық процедуралар да бар. Егер бас терісі құрғақ болса, құрамында майлары бар құралдар қолданыңыз. Ал егер бас терісі майлы болса, тазартушы құралдарды немесе скрабтарды пайдаланыңыз. Жібек жастыққап алу. Жастықтың тысы жібек матадан тігілсе, шашыңыз сирек сынатын болады. Күннен қорғау. Ыстық күні қалпақ киіп жүруге тырысыңыз. Сонымен қатар, күннен қорғайтын әсері бар шашқа арналған құралдар қолданыңыз. Шаш үлгісіне арналған құралдарды қатты қыздырмау. Құралды қатты қыздырмасаңыз да шаш үлгісі әдемі болып шығады. Сондықтан 180-200 градустан асырмаған жөн. Өте жоғары температуралармен тек кәсіби мамандар ғана дұрыс жұмыс істей алады.

Massaget.kz
10 маусым 2019 ж. 407 0

Соңғы жаңалықтар

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (8813)

08 тамыз 2020 ж.

№59 (8812)

04 тамыз 2020 ж.

№58 (8811)

31 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам