17 қараша – студенттер күні
Бүгін, яғни 17 қараша – халықаралық студенттер күні. Бұл күн қазіргі таңда әлемнің түкпір-түкпірінде бар сән-салтанатымен тойланады. Алайда, осы бір жалынды жастықтың мейрамы қашан және қайда пайда болғанын білесіздер ме?
Иә, айтулы күннің қайғылы оқиғаға байланысты пайда болғанын бірі білсе, бірі білмейді. 1939 жылы 28 қазан күні фашистер басып алған Чехословакияның студенттері мен ұстаздары Чехословакия мемлекетінің құрылғанына жиырма бір жыл болғанын атап өту үшін шеруге шықты (28.10.1918). Басқыншы бөлімдер шеруді күшпен басып, сонымен бірге медицина факультетінің студенті Ян Оплеталды атып тастайды. 1939 жылы 15 қарашадағы Яна Оплеталды жерлеу рәсімі қайтадан наразылыққа ұласады. Шеруге шыққандардың көбі қамауға алынған. 17 қарашада гестапошылар мен эсэстер студенттік жатақханаларды қоршауға алып, 1200-ден астам студент ұсталып, Заксенхаузендегі концлагерьлерге қамалды. Студенттік қозғалыстың тоғыз белсенді студенті Праганың Рузина ауданында түрме қабырғасында сотсыз дарға асылды. Гитлердің бұйрығымен Чехиядағы барлық оқу орындары соғыс аяқталғанға дейін жабылды. 1946 жылы 17 қарашада Прагада өткен чехиялық студент-патриоттардың құрметіне болған Бүкіләлемдік студенттер конгресінде Халықаралық студенттер күні белгіленді. Міне, жалынды жастық шақтың мерекесі - студенттер күнінің шығу тарихы Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде Чехословакияда осылай басталған.

"Өскен өңір" ақпарат