Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мамин "Бизнестің жол картасы - 2025" жаңа бағдарламасы бойынша тапсырмалар берді

Мамин "Бизнестің жол картасы - 2025" жаңа бағдарламасы бойынша тапсырмалар берді

BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Ұлттық экономика министрлігіне "Бизнестің жол картасы - 2025" жаңа бағдарламасын қабылдауды қамтасыз етуді тапсырды.

Мамин президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жаңа бағдарлама аясында алдағы бес жылға 421 млрд теңге қарастырылғанын, бұл аяқталып жатқан бағдарлама қаржысына қарағанда бір жарым есе көп екенін айтты.

Ұлттық экономика министрлігіне мынадай тапсырмалар беріледі. Осы жылы қарашаның соңына дейін "Бизнестің жол картасы - 2025" бағдарламасын қабылдауды қаматамасыз етіңіздер. Мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдармен бірге осы жылдың соңына дейін бағдарламаны іске асыру үшін нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау қажет. Әкімдіктермен, "Атамекен" палатасымен және "Даму" АҚ-пен бірге жаңа бағдарлама тәсілдері мен мүмкіндіктері туралы кәсіпкерлер арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу,- деп айтты үкімет басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, "Бизнестің жол картасы - 2020" нәтижелері қорытындыланған болатын. Сондай-ақ, ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында Дәленов "Бизнестің жол картасы - 2020" шаралары биыл аяқталатынын, сондықтан мемлекеттік бағдарламаның жаңа жобасы әзірленетінін айтқан болатын. Сонымен қатар, "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасында ұлттық палата көрсеткен қаржылай емес қолдау шараларытуралы Үкімет отырысында айтқан болатын.


06 қараша 2019 ж. 1 227 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (9389)

28 наурыз 2026 ж.

№21 (9388)

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930