Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық көмек көрсете білу міндеттеледі

Жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық көмек көрсете білу міндеттеледі

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу үшін алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын білу міндетті болмақ. Мұндай міндет «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс жобасының жаңа редакциясында қарастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Көлік жүргізу кәлігін алу үшін алдымен арнайы алғашқы медициналық көмек көрсету курсынан өтіп, сертификат алу қажет. Содан кейін ғана көлік жүргізу куәлігі беріледі. Бұл міндетті. Себебі, көп жағдайда жол апаты болған кезде азаматтарымыздың басым бөлігі, 60 пайызға жуығы алғашқы медициналық көмекке мұқтаж болады. Өкінішке орай, медициналық көмек көрсете алатындардың үлесі 3-5 пайыздан аспайды», - деді Мәжілісте аталған кодекс жобасын таныстырғаннан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов. Оның атап өтуінше, жол-көлік апаты орын алған жерге жедел жәрдем көлігінің жылдам баруы қиын болатын жайттар кездеседі. Сол кезде алғашқы медициналық көмек көрсету курсынан өткен өзге жүргізушілер зардап шеккен адамдарға көмек көрсетуі тиіс. «Бізде мұндай стандартты курстар бар. Олар жедел жәрдем стансалары, санитарлық авиация және медициналық жоғары оқу орындары базасында ұйымдастырылған. Сол жерлерге барып курстан өту арқылы сертификат алуға болады», - деді министр.

17 қазан 2019 ж. 735 0