Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда қандай деңгейде?

Қызылорда қандай деңгейде?

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында әртүрлі сала бойынша төмен көрсеткіш көрсетіп отырған өңірлерді атады.
Дәленов негізгі көрсеткіштер бойынша өңірлердің көпшілігінде өсімнің оң серпіні байқалатынын айтты. Алайда ол өнеркәсіп бойынша Қызылорда, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары әлі де төмен көрсеткіш көрсетіп отырғанын жасырмады.

"Ауыл шаруашылығы бойынша Қостанай облысында өнім шығару үштен бір бөлікке төмендеді. Бұл жалпы ауыл шаруашылығының төмендеуіне себеп болды. Құрылыс және негізгі капиталға инвестициялар бойынша артта қалғандар қатарында әлі де Шымкент қаласы, Маңғыстау облысы және Нұр-Сұлтан қаласы кіреді. Бұл ретте, осы өңірлерде инвестициялар бойынша оң серпін байқалып отыр. Сондай-ақ, Маңғыстау облысында құрылыс саласындағы жағдай жақсарып келеді. Автомобиль жолдарын реконструкциялау жұмыстарының төмендеуіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысы құрылыс бойынша теріс аймаққа кірді. Бірқатар өңірлер өңдеу және кен өндіру өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс, тұрғын үйді пайдалануға беру және инвестициялар бойынша жақсы серпінді көрсетіп отыр", - деді ұлттық экономика министрі.

Оның сөзінше, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл және Павлодар облыстары 4 көрсеткіш, ал Атырау облысы 3 көрсеткіш бойынша жоғары көрсеткіш көрсетіп отыр. Ал кейбір өңірлерде бірқатар көрсеткіштер бойынша төмендеу байқалды: Нұр-Сұлтан қаласы мен Маңғыстау облысында 3 көрсеткіш бойынша; Солтүстік Қазақстан облысында 2 көрсеткіш бойынша; Алматы, Қостанай, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Қарағанды облыстарында 1 көрсеткіш бойынша. Сондай-ақ, көрсеткіштерді тоғыз айды сегіз аймен салыстырғанда Алматы, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 2 көрсеткіш бойынша, Батыс Қазақстан облысында 1 көрсеткіш бойынша бәсеңдеу тіркелді.

9 айдың қорытындысы бойынша қысқамерзімді экономикалық индикатор Батыс Қазақстан мен Маңғыстау облыстарында Жалпы өңірлік өнімнің нысаналы өсуіне қол жеткізбеу қаупін көрсетіп отыр. Осы орайда министр экономиканың өсуін қамтамасыз ету үшін, орталық және жергілікті атқарушы органдарға мынадай шараларға баса назар аудару қажет екенін айтты.

"Біріншіден, экономика салаларында қол жеткізілген өсу қарқынын ұстап тұру. Екіншіден, экономиканың базалық салаларында өсуді қамтамасыз ету бойынша түбегейлі шаралар қабылдау. Үшіншіден, инвестициялық жобалар бойынша бюджет қаражатын толық игеруді қамтамасыз ету. Төртінші, 4-тоқсанда тұтыну тауарларының бағаларын қатаң бақылауды қамтамасыз ету", - деп сөзін түйіндеді Дәленов.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында 9 айдың экономикалық қорытындысын баяндағаны туралы осыған дейін жазғанбыз.


14 қазан 2019 ж. 554 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930