Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар ақырын аяңдап жүрудің қандай қаупі барын анықтап берді

Ғалымдар ақырын аяңдап жүрудің қандай қаупі барын анықтап берді

Зерттеуге жүздеген адам қатысқан, мамандар олардың денсаулығын үш жастан бастап бақылап, 45 жасқа келгенде тест өткізген
Баяу жүріс мидің ерте қартайып жатқанын көрсетеді, деп мәлімдеді Солтүстік Каролинадағы (АҚШ) Дьюк университетінің ғалымдары.
Зерттеуге Жаңа Зеландияның жүздеген тұрғыны қатысқан. Мамандар олардың денсаулығын үш жастан бастап бақылап, 45 жасқа келгенде тест өткізген, деп жазады "Известия" басылымы.
Белгілі болғандай, бала кезінде интеллект коэффициенті төмен, тіл меңгеруге қабілеті әлсіз және қозғалыс белсенділігі нашар адамдар орта жасқа келген кезде баяу жүреді.
45 жастағы зерттеуге қатысушыларға жасалған магниттік-резонанстық томография баяу жүретіндердің миының көлемі кішірек екенін, сондай-ақ ми қыртысының тығыздығы төмен екенін көрсетті. Ғалымдардың айтуынша, бұл мидың ерте қартайып жатқанының белгісі.
Бұдан бөлек, зерттеушілер сегіз адамнан тұратын топқа сынаққа қатысқан адамдардың суретіне қарап, жасын анықтауды ұсынған. Тест барысында ақырын аяңдайтындар жылдам жүретіндерден ересек көрінетіні анықталды.

13 қазан 2019 ж. 607 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930