«Еңбек жолы» байқауының онлайн дауыс беру кезеңі басталды
BAQ.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында (enbek.gov.kz) 2019 жылғы үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмысшыларын анықтауға бағытталған «Еңбек жолы» республикалық байқауының онлайн дауыс беру кезеңі басталды.
Ведомствоның мәліметінше, байқаудың соңғы кезеңіне Қазақстанның 17 аймағынан 51 үміткер өтті. Дауыс беру нәтижелері бойынша республикалық комиссия «Еңбек жолы» байқауының келесі номинациялар бойынша жеңімпаздарын анықтайды:
- «Үздік еңбек әулеті» – ең ұзақ еңбек өтілі бар, ең көп марапаттары бар көптеген әулет;
- «Үздік жас өндіріс қызметкері» - 5 жылдан артық емес жұмыс өтілі бар ең белсенді және еңбекқор өндіріс қызметкері;
- «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» - 20 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер.
«Онлайн дауыс беру 2019 жылдың 3 қарашасына дейін жалғасады. «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау 2019 жылдың қараша айында Нұр-Сұлтан қаласында «Әлеуметтік инновациялар Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына барар жол» атты республикалық форумда өтеді», - делінген хабарламада.
Әр дауыстың маңыздылығын ескере отырып, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанның барлық азаматтарын «Еңбек жолы» конкурсының онлайн дауыс беруіне белсенді қатысуға шақырады.
Естеріңізге сала кетейік, «Еңбек жолы» байқауы 2016 жылы құрылған. Оған еңбек әулеттерінің өкілдері, бастамашыл жас қызметкерлер мен олардың тәлімгерлері қатыса алады.