Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызметкерлер арасында тимбилдинг өтті

Қызметкерлер арасында тимбилдинг өтті

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы SANA корпоративті мәдениетін дамыту жобасын бастаған болатын. Әрбір жаңашыл кәсіпорын бәсекеге қабілеттілік пен жоғары деңгейдегі қызметті көрсетуге талпынады. Мұндай табысқа әрине бірлігі жарасқан компаниялар ғана жете алатыны сөзсіз.
Осыған орай, мемлекеттік корпорацияның Қызылорда облысы бойынша филиалы командалық рухты көтеру және қызметкерлердің өзара қарым-қатынастарын жақсарту мақсатында  өткен жексенбіде корпорация қызметкерлерінің арасында ауқымды тимбилдинг өткізді.
Тимбилдинг табиғат аясында «Абай» демалыс орнында өткізілді. Оған корпорациясының 200 жуық қызметкерлері қатысты. Аталған шараның мақсаты – қызметкерлердің ұйымшылдығын жоғарылату, бір-бірінің жеке қасиеттерін танып-білу, бірігіп жұмыс жасауға ынталандыру, жоғары тиімділігі бар бірлескен әрекеттер тәжірибесін қалыптастыру, бейімділігін дамыту.
Тимбилдинг қатысушыларға керемет көңіл-күй сыйлады. Қызметкерлер топтық қызықты ойындарға қатысып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Өткізілген корпоративтік шара команданың әрбір қатысушысының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін аша отырып, ұжымның бірлігін нығайтуға үлкен септігін тигізді. 
"Өскен өңір" ақпарат 

29 қыркүйек 2019 ж. 1 395 0

Қоғам

Малы саудың жаны сау
11 қыркүйек 2026 ж. 75

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930