Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Динозаврдың сүйегі ме?

Динозаврдың сүйегі ме?


Әлеуметтік желілерде «УАЗ» автокөлігіне сүйеулі тұрған алып тоқпан жілік жұртты елең еткізген болатын. Сурет жариялағаннан кейін-ақ желі қолданушылары әртүрлі пікір қалдыра бастады. Олардың арасында мұны динозаврдің сүйегі дегендер де болды. Алайда ҚазАқпараттың мәлімдеуінше, бұл сүйек Атырау облысындағы Индер ауданы Есбол ауылынан табылған. Оны аталған өңірдің тұрғыны Досбол Байғалиев Жайық өзенінен көріпті. Салмағы 26 кг болса керек. Ал көлікке сүйеп қойғанына қарағанда ұзындығы 1 метр шамасында.
Алайда сүйектің қандай жануардікі екенін тек мамандар ғана анықтай алады. Мұны бірден динозаврдың сүйегі деп тануға негіз жоқ. Бірақ бұрындары Индер мен Махамбет аймақтарында мамонттардың тісі табылған еді.
«Өскен өңір» ақпарат
26 қыркүйек 2019 ж. 2 362 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9290)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (9289)

31 наурыз 2025 ж.

№21 (9288)

26 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930