Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Петропавлдың тарихи-өлкетану музейіне мамонттың сүйегі тапсырылды

Петропавлдың тарихи-өлкетану музейіне мамонттың сүйегі тапсырылды

Петропавл қаласының тарихи-өлкетану музейіне мамонттың сүйегі тапсырылды. Оны қала тұрғыны Есіл өзенінің жағалауынан балық аулап жүріп тауып алған. «Бұл – ежелгі пілдің жамбас сүйегі мен мойын омыртқасы», – дейді археологтар. Мұз дәуірінде өмір сүрген жануардың қалдықтары ғасырлар бойы судың астында жатса да, бүлінбепті. Енді оны табиғат бөлімінің ғалымдары зерттейді. Бұл олжа – мұражай қоры үшін құнды жәдігер. Тарихшылардың айтуынша, мамонттар Солтүстік Қазақстан облысын мекендеген. Оның алғашқы сүйегі – азу тістері 1923 жылы табылған екен. Әлия Үсенова, облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсия жүргізушісі: – Бұл сүйектер арнайы жерде сақталып отыр. Кептіру керек. Содан кейін анықтау жұмыстары жүргізіледі.
www.24.kz
27 шілде 2018 ж. 1 415 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№54 (9421)

21 шілде 2026 ж.

№53 (9420).

18 шілде 2026 ж.

№52 (9419)

14 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031