Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сим-картаны өзгеге бергенің үшін үш жылға дейін бас бостандығыңнан айырыласың. Қылмыстық кодекске түзету енгізілді

Сим-картаны өзгеге бергенің үшін үш жылға дейін бас бостандығыңнан айырыласың. Қылмыстық кодекске түзету енгізілді

Тәжікстанда сим-картаңды өзге біреуге бергенің үшін үш жылға дейін бас бостандығыңнан айыру жазасы көзделген, аталмыш ел президенті Емомали Рахмонов 2019 ылдың маусым айының 20-ы күні қолын қойған қылмыстық кодекске енгізілген түзету қолданысқа енді. Бұл жайында ресейлік regnum.ru ақпарат көзі хабар таратты. Бұл арада террористік топ пайдаланған сим-картаны заңсыз сату немесе беруге қатысты қозғалатын қылмыстық жауапкершілік турасында сөз болып отыр.
«Электрлік байланыс желісіне заңсыз қосылу немесе террористік я болмаса экстермистік сипаттағы қылмысты жүзеге асыруда қолданылған сим-картаны үшінші біреуге табыс ету 800-ден 1,5 мың есеп айырысу көрсеткіші (44 мыңнан – 82,5 мың сомонға немесе 4,5 мың доллардан 8,5 мың долларға дейін) мөлшерінде айыппұлмен немесе екі ылдан үш жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады»,- деп айтылған Тәжікстан қылмыстық кодексінің 341 бабының екінші тармағында. Бұдан бөлек, сим-карта лаңкестермен еш қатысы болмаған күннің өзінде электрлік байланысқа қосылу талабын бұзғаны үшін де жаза қарастырылған – 600-ден 800 есеп айырысу көрсеткіші (33 мыңнан 44 мың сомонға немесе 3,4 мың доллардан 4,5 мың долларға дейін) мөлшерде айыппұл салынады немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады.


25 қыркүйек 2019 ж. 954 0