Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жетінші сынып оқушысы аттың құлағында ойнайды

Жетінші сынып оқушысы аттың құлағында ойнайды

Жақында Жандарбек Бұлғақовтың сұқбатын тыңдадым. Айтыскер ақын өз сөзінде қаланың балаларына жаны ашитынын және қаланың йогурт жеп өскен балалары ауылдың жас өрендеріне таңырқап қарайтынын тілге тиек етті. Осы сөзді естіп отырып ойыма Шиелі ауданы Қосүйеңкі ауылындағы жетінші сынып оқушысы Жандәулет Әшірапбаев түсті. Ол дүниеге келгенде ата-анасы «Қамшы ұстарым» деп текке қуанбаса керек-ті. Өйткені Жандәулет жас болса да, қыл құйрықты ерттеп мінген. Тіпті ағаларынан қалыспай, аттың құлағында ойнайды. Отар-отар қой мен үйір-үйір жылқыны бағудағы жауапкершілігі мен тиянақтылығы тағы бар. Бала кезінен еңбекпен айналысып, қызу тірліктің басы-қасында жүргендіктен бе, қазір барлық қызметті қабақ шытпастан орындайды. Сабақ үлгерімі де үлгі тұтарлық.
Міне, менің ойыма оралған ауыл баласының бейнесі осындай. Осы тұста айтыскер ақынның айтқаны рас екен-ау деген тұжырымға келдім. Ал сіз қалай ойлайсыз оқырман? 
Маржан Құрманғалиева 

25 қыркүйек 2019 ж. 1 468 0

Қоғам

Малы саудың жаны сау
11 қыркүйек 2026 ж. 76

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930