Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгінгі теңге бағамы қандай?

Бүгінгі теңге бағамы қандай?

Бүгінгі теңге бағамы қандай?Ұлттық банк 11 маусымға арналған ресми валюта бағамдарын жариялады. Оған сәйкес, доллар – 488,59 теңгені, еуро – 564,37 теңге, ал рубль – 6,79 теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өткен күнмен салыстырғанда доллар бағамы 1,62 теңгеге төмендеді. 10 маусымда оның ресми бағамы – 490,21 теңге болған. Рубль бағамы да 6,81 теңгеден 6,79 теңгеге түсті.
Астанадағы айырбастау орындарында доллардың орташа сатып алу бағамы 485 теңгені, сату бағамы 491,92 теңгені құрады. Еуро 562 теңгеден сатып алынып, 570 теңгеден сатылып жатыр. Рубльді сатып алу бағамы орта есеппен 6,49 теңге болса, сату бағамы 6,80 теңгеге жетті. Алматы қаласындағы айырбастау орындарында доллардың орташа сатып алу бағамы 488,29 теңге, сату бағамы 490,19 теңге деңгейінде қалыптасты. Еуро 564–567,80 теңге аралығында саудаланып жатыр. Ресей рублі орта есеппен 6,56 теңгеден сатып алынып, 6,70 теңгеден сатылып жатыр.


11 маусым 2026 ж. 276 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930