"Пластилин-бала": Дүниеге буынсыз келген ақтаулық балақай жайлы не білеміз?
Қазір 5-сыныпта оқитын буынсыз бала 1 жас 7 айынан бастап жүрген. Туғаннан әлсіз болған балақай 10 айлығынан бастап нағашы ата-әжесінің қолында өсіпті. Азаматтың өнерін ата-анасы үш жасында байқаған екен. Осы жасында бүлдіршін шпагатқа отырып, бес жасында аяғын мойнына асып қойып жүріпті.
Буынсыз бала түнде бұралып ұйықтай береді екен. Алғашында үрейленген ата-анасы кейіннен баласының бұл әрекеттерін видеоға түсіріп, туыстарына жіберіп жүріпті. Азаматтың анасының айтуынша, баласы қазір домбыраның құлағында ойнайды, сондай-ақ, гимнастика және балет мектебіне барып жүр. Азаматтың өнеріне тамсанып, танып жататындар да бар екен.
"Жуырда Астанаға жол түсіп, ұшақта сүйікті әдетімен ұйықтап барды. Мұны адамдар көріп, "Мына баланың отырысы қызық екен! Танысайықшы, суретке түсейікші", – деп сөзге тартып жатады", - дейді Азаматтың анасы.Балақай өзінің "кумирі" Айдос Тоқтарбайдың трюктарын қайталап жүрген көрінеді. Ал анасы баласының өнерімен әлеуметтік желіде бөліскеннен бастап киноға шақыртуылар түскенін айтады. Тіпті балақай түкен бір фильм жақында көрермендерге жол тартпақшы.