Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Абай өлеңдерін оқу эстафетасын №48 Ә.Қоңыратбаев атындағы мектеп-лицейінң оқушылары қабылдады

Абай өлеңдерін оқу эстафетасын №48 Ә.Қоңыратбаев атындағы мектеп-лицейінң оқушылары қабылдады

Білім және Ғылым Министрі Асхат Аймағанбетовтің Эстафетасын ауданымызда бірінші болып №48 Ә.Қоңыратбаев атындағы мектеп-лицейінің оқушылары қабылдады.
Жуырда ғана әлеуметтік желілер арқылы мәлім болғандай еліміздің Ләйлім Рысқали деген 9 жасар бүлдіршін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Абай өлеңдерін жаттау эстафетасын жолдаған болатын. Бұл эстафетаны Президент қабылдап, Білім және ғылым Министрі А.Аймағанбетовке, Спорт және Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұловаға және әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергеновке жолдаған еді.
Президент жолдаған эстафетаны А.Аймағанбетов: «Кезекті эстафетаны еліміздің Білім және Ғылым саласының қызметкерлеріне, ұстаздарға, жоғарғы оқу орындарының ректорларына, оқушылар мен студенттерге жолдаймын» - деген болатын.
Бұл бастаманы қоғамның филологтары қуана құптады. Себебі қазір жастар қажетсіз челлендждермен айналысып кетті. Абай өлеңдерін жаттау аса қажетті әдетке балады, олар.
Осы бастаманы ауданымызда бірінші болып Гүлмира Бектегенова басқаратын №48 Ә.Қоңыратбаев атындағы мектеп-лицейдің 7 сынып оқушылары қабылдады.
Ағылшын тілі пәні бойынша «How is your ENGLISH?» атты апталықта осы мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімдері Үмбетова Шырынхан Мұхамедкәрімқызы, Жанат Күздеубаева, Сабира Сейдахметовалар ұйымдастырған «The 175th anniversary of the birth of Abay» атты сыныптан тыс жұмыста 7 сынып оқушылары арасында өткен сайыста салтанатты түрде қабылдап, кезекті эстафетаны осы мектептің барлық ағылшын мұғалімдері мен олардың оқушыларына Абай өлеңдерін ағылшын тілінде жаттауды жолдады. Бұл эстафетаны қабылдау маусым айынан бастап ауданда басталған болатын. Аудан әкімі Әшім Оразбекұлы Уалиханов Мансұр Мұратұлынан қабылдап, әріптестеріне жолдады. Аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Сейілханов №252 Г.Ковтуов мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушысы Әкімәлі Әлиден қабылдап, осы эстафетаны бөлімге қарасты барлық білім беру ұйымдарының басшыларына және өзі білім берген шәкірттеріне жолдады. Басқа да аудандағы мектеп оқушылары мен аудандық кітапхана әлеуметтік желілерде эстафетаны жалғастырып келеді. Ал №48 Ә.Қоңыратбаев мектеп оқушылары болса жекелеген оқушылар емес, сынып болып қабылдап және Абай өлеңдерін ағылшын тілінде жаттауды жолдады. 

"Өскен өңір" ақпарат
17 қыркүйек 2019 ж. 2 141 0

Қоғам

ШАРАПАТЫ МОЛ ШАРА
04 мамыр 2024 ж. 30

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031