Тоқаев «Азия алыбы» халықаралық әдеби сыйлығын тағайындауды ұсынды
BAQ.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Азия елдері қаламгерлерінің І форумын ашты. Мемлекет басшысы өз сөзінде «Азия алыбы» халықаралық әдеби сыйлығын тағайындауды ұсынды.
«Азияны бүкіл әлемдік рухани даму орталығы ретінде дамыту айрықша маңызды. Сондықтан әдебиет саласындағы істерді жаңғырту үшін жағдай жасау - басты міндеттірдің бірі. Осы мақсатта «Азия алыбы» халықаралық әдеби сыйлығын тағайындаған жөн. Әлемдегі әйгілі сыйлықтар секілді бұл марапаттың да беделін арттыруға күш салуымыз керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған дейін Қазақстан президенті «қазақ әдебиеті - халқымыздың сан ғасырлық тарихымен біте қайнасқан асыл қазына» деген болатын.