Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шымкентке жаңа әкім тағайындалды

Шымкентке жаңа әкім тағайындалды


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Жарлығымен Шымкент қаласының әкімі болып Ерлан Айтаханов тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты хабарлады.

"Ерлан Қуанышұлы Айтаханов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалсын", - делінген Жарлықта.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов Шымкент қаласының әкімі қызметінен босатылды.

Ерлан Қуанышұлы Айтаханов 1971 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында туған. Еңбек жолын 1994 жылы «Alem Bank Kazakstan» кредит беру департаментінің экономисі болып бастаған. 
1995-2012 жылдары Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің кредит беру департаментінің бас маманы, «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бөлімінің бастығы, «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Жолаушылар тасымалы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары, «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны қаржы және бухгалтерлік есеп бас басқармасының бастығы, экономика, қаржы және бухгалтерлік есеп департаментінің бастығы болып жұмыс істеген. 
Одан кейін, Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігі қаржылық реттеу департаменті директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының кеңесшісі, Алматы қаласы тарифтер жөніндегі басқармасының бастығы, табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі Ақмола облысы бойынша қаржы бақылау инспекциясының бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарған.
2014 жылғы қазан айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2106 жылдан бастап Отырар ауданының әкімі болған. 
30 шілде 2019 ж. 857 0