Топ-баннер
Топ-баннер2
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » эстафета басталды

эстафета басталды


Биыл ұлы ойшыл, хәкім Абайдың дүниеге келгеніне 175 жыл. Осы орайда мемлекет басшысының тікелей пәрменімен ­Ибрахим Құнанбайұлының мерейтойын республика көлемінде атап өту шарасы қолға алынып, осы күні жер-жерде Абай мұралары қайта жаңғырып, ақын өлеңдерін Президенттен ­бастап оқушыға дейін оқу эстафетасы жалғасын табуда. Иә, жұрт жолдап жатқан эстафетаның қалыбынан шығып, өзіміздің бағытқа қарай бұрып, Абай өлеңдерін басылым бетіне жариялау эстафетасын бастап отырмыз. Эстафетаның біссмілләсін дана Абайдың «Сегізаяқ» өлеңінен қысқаша үзінді келтіріп, әрмен қарай республикалық «Айқын» газеті мен оңтүстіктегі көршіміз Жаңақорған аудандық «Жаңақорған тынысы» газетіне жолдаймыз.
Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған.
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағына жетіп қайырған.
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең, өзің біл.
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас.
Білгенге маржан,
Білмеске арзан,
Надандар бәһра ала алмас.
Қиналма бекер, тіл мен жақ,
Көңілсіз құлақ-ойға олақ.
Басында ми жоқ,
Өзінде ой жоқ
Күлкішіл кердең наданның.
Көп айтса көнді,
Жұрт айтса болды.
Әдеті надан адамның.
Бойында қайрат, ойда көз
Болмаған соң айтпа сөз.

Шиелі аудандық «Өскен өңір» газеті редакциясы
20 шілде 2019 ж. 1 387 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031