Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ҮЗДІК ТАУАРӨНДІРУШІЛЕР АНЫҚТАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҮЗДІК ТАУАРӨНДІРУШІЛЕР АНЫҚТАЛДЫ


Бүгін Қызылордада облыс әкімдігі мен Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Қазақстанның үздік тауары – 2019» өңірлік көрме-байқауы өтті. 

Шараға облыс әкімінің орынбасары Мұрат Имандосов, Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің, «Атамекен» ҰҚП Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері, қаржы институттарының өкілдері мен аймақ кәсіпкерлері, сондай-ақ облыс тұрғындары қатысты.
Айта кету керек, ел нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға жәрдемдесуге, кәсіпкерлердің отандық өнімнің сапасын арттыруға бағыттылған қызметін жандандыруға бағытталған «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы Мемлекет басшысының Жарлығымен 2006 жылдан бастап өңірлік және республикалық деңгейде өткізіліп келеді. 

«Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы үш номинация бойынша жүргізіледі: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары».
Ерекше тоқталатын жайт, көрме-байқауға қатысушылардың қатары жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2016 жылы 17, 2017 жылы 22, 2018 жылы 33 кәсіпкер байқауға қатысқан болса, биылғы жылы өңірлік байқауға аймақ кәсіпкерлерінің түрлі саласынан 50 тауарөндіруші қатысты. Нәтижесімен 3 номинация бойынша 9 жеңімпаз анықталды.
Мұнан өзге, «Қазақстанның үздік тауары – 2019» өңірлік көрме-байқауы шарасы аясында байқауға қатысушылардан өзге аймақтың 20 тауарөндірушісі өнімдерін халыққа ұсынды. Шара соңында, Қазақстанның үздік тауары – 2019» облыстық көрме-байқауына өнімдерін әкеліп, белсенді қатысқан кәсіпкерлерді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов пен Кәсіпкерлік палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов алғыс хаттармен марапатталды.

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі ФБ парақшасынан.

13 шілде 2019 ж. 1 228 0