Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қайырымдылық – жүректе

Қайырымдылық – жүректе


Біздің халқымыз ел басына ауыртпалық түскенде біркісідей жұмылып, бірлікпен, шынайы ұлтына деген жанашырлықпен бауырмалдық таныта алатын ынтымақшыл қасиетті көрсете білді. Арыстағы төтенше жағдай осы ақиқаттың айғағындай. Ел болып арыстық ағайындарды қолдап, оларға көмек көрсетіп жатқаны ұлт болып ұйыса түскеніміздің белгісі болса керек.

Арыстағы апаттан зардап шеккен тұрғындарға көмек қолын созуды Қазақстанның әрбір азаматы жанашырлық танытып, басы-қасынан табылуда. Осындай жанның бірі – ауданның кішкентай тұрғыны Меруерт Бекмырза. №148 мектептің 4 сыныбын бітірген Меруерт Арыс қаласында қайғы-қасіретке ұшыраған қандастарға көмек ретінде тиын жинағышқа жинап жүрген 20000 мың теңгедей ақшасын арыстықтарға қосқан үлесім болсын деп «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары П.Маханбетке табыстады.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, арыстықтарға көмегін аямай, қиыншылықта қасынан табылып, қамқорлық көрсетіп келеді. Нағыз сыналар тұста өзіміздің кеңпейілділігімізді көрсете білдік. Көпшіліктің қайырымды ісі көз сүйсінтеді.

Ж.ҚАУҒАНБАЕВА
02 шілде 2019 ж. 830 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930