Жезқазғанда биоэлектр станциясын салу жоспарланып отыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жезқазғанда «жасыл экономика» желісі бойынша тұрмыстық қоқысты қайта өңдеу бойынша жобасы енгізілуде. Шетелдік инвесторлар биоэлектростанция салуға ниет білдіруде. Онда тұрмыстық қалдықтардан газ өндірілетін болады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
«Биоэлектр станциясының құрылысы» жобасын Кеңгір ауылынан 2 шақырым қашықтықта орналасқан 4,5 га алаңда іске асыру жоспарлануда. Жобаны енгізу бірнеше мәселені шешуге мүмкіндік береді: қоқысты кәдеге жарату және ҚТҚ қайта өңдеу, «Жасыл экономика» технологияларын ілгерілету, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру», - дейді Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Орынбаев.Жобаның тапсырыс берушісі «Kaz Green Energy» ЖШС болып табылады, ал инвестор словакиялық компания болады. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуші – «Қазақ Сантехпроект» ЖШС. Құрылыс жұмыстары 2019 жылы басталуы мүмкін.