ҚОҢЫР ТҮСТІ КӨБЕЛЕК НЕГЕ ҚАПТАП КЕТТІ?
Ауданда кешелі бері көбелектің қаптап кетуі тұрғындарды таңқалдыруда. Бұған дейін жаз мезгілінде бірең-сараң ғана кездесетін бұл жәндіктің неліктен бірден көбейіп кетуі мүмкін? Өңірдегі белгілі бағбан Әлияр Сейітов:
– Бұдан еш қорқудың қажеті жоқ. Қайта гүлдерді тозаңдатуға пайдалы. Көбелектің көбеюіне күннің салқындығы мен желдің ұзаққа созылуы әсер етсе керек. Табиғат өзі тылсым күшке ие ғой. Бір жылдары жылан көбейсе, енді бірде бақа қаптап кетеді, – дейді.
Көптеген аңыздар мен мифтерге арқау болған осынау әсем әрі құпия жәндік махабаттың, бақыттың, адалдықтың символы саналады. Батыста үйлену тойларында көгершіндердің орнына көбелектер ұшырып, жас жұбайларға бақыт пен пәк махаббат тілейтін көрінеді. Әлемде көбелектің 157 000 түрі бар екен.
Көбелектер аралардан кейінгі тозаңдандырғыш болып саналатын бунақденелі жәндік тұқымына жатады. Бұл жәндікті зерттейтін ғылым «лепидоптерология» деп аталады. Дегенменде көбелект Антарктидада ғана болмайды екен.
Ресей мен Сібірде көбелектің кең тараған түрі – Павель көзі. Оның қанатының жоғарғы бөлігі қызыл күрең түсті, шеткі бөлігінде адамның көзі тәріздес кескін болады. Көпшілік бізде қаптап жүрген көбелекті осы түрге жатқызуда.
«Өскен өңір» ақпарат.