Толайым істер толастамайды
2017 жылы ауданда экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жұмыстар үзіліссіз жүргізіліп, нәтижесінде экономикада тұрақты өсім қалыптасып, даму көрсеткіштері артты. Өнеркәсіп өнімдерін өндіру, негізгі қорға тартылған инвестициямыз өсіп, қарқынды даму үстінде. Қай салада болсын ілгерілеушілік бар. Ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктеріміз орасан зор. Кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар жүйелі түрде жүзеге асып, тұрақты жұмыстар жүргізіліп, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Әлеуметтік нысандар бой көтеріп, кент және ауылдық округтердегі жолдар жөнделіп, көшелер жарықтандырылуда.
Жалпы аудандағы атқарылған толайым істердің біршама тізіміне тоқталсақ, аудандық бюджеттің кірісі 2017 жылы болжамдалған 12 млрд. 762 млн. теңгенің орнына 12 млрд. 877 млн. теңгеге немесе 100,9 пайызға, оның ішінде аудандық бюджеттің өз кірісі болжамдалған 1 млрд. 685 млн. теңгенің орнына 1 млрд. 789 млн. теңге болып, 106,2 пайызға орындалған. Оның ішінде, өнеркәсіп орындары өткен жылдың 11 айында 21 млрд. 639 млн. теңгенің өнімін өндірді, тиісті кезеңге нақты көлем индексімен 97,4 пайыз. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінде 5 млрд. 990 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, тиісті кезеңге 96,8 пайызды көрсеткен. Сонымен қатар, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасымен ауданда «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС, «Фирма Балауса» ЖШС, «Тан ЛТД» ЖШС жобалары бойынша іргелі жұмыстар жасалуда. Кәсіпорындар іске қосылса, ауданның әл-ауқаты артып, жұмыссыздық деңгейі төмендемек. Шаруалары еңсесін тіктеп келе жатқан шаруашылықтар 2017 жылы лизингке әртүрлі қаржы көздерінен 839 млн. теңгеге 9 ауылшаруашылығы техникасын және өз қаржылары есебінен 63 млн. теңгеге 7 ауылшаруашылығы техникаларын сатып алынған. Сондай-ақ, кент ішінде 197 млн. теңгеге 7 шақырым инженерлік инфрақұрылым желілері жүргізілсе, ағымдағы жылы үш мөлтек аудан мен бір елді мекеннің кварталдарына 297 млн. теңгеге ауыз су құрылыстары жүргізілу көзделуде. Білім саласының көрсеткіштеріне көз жүгіртіп, мына мәліметтерді түйдік. Цифрлық білім беру жүйесін дамыту мақсатында 66 млн. теңгеге 28 мектеп 134 дана интерактивті тақтамен қамтылған. Мұнымен қоса, 3 мектеп пен бір балабақша ғимараттары күрделі жөндеуден өтсе, алдағы жылы да осы жұмыстар жалғасын таппақ. Міне, осы сынды өзге де тұрақты дамуға бет алған ауданның толағай істерінің тізімі артпақ.
Аудан әкімі Ә.Оразбекұлының есебінен соң мінберге көтерілген облыс әкімі Қ.Көшербаев Төртінші өнеркәсіптік революция – болашақ емес, бүгінгі күннің көрінісі екенін атап өтті.
– Жиырмасыншы ғасырдың экономикасының тұрақтылығын мұнай сақтап қалса, жаңа ғасырдың мұнайы ол – технология. Иә, ақпараттық санды технология – жаңа заманның жаңа сипаты. Дүниедегі болып жатқан сыртқы өзгерістерге тез икемделіп, ішкі өзгерістермен өзімізді қамтамасыз еткенде ғана дамыған отыз елдің қатарында болу мүмкіндігіміз артпақ. Ғаламдық талаптарға сай жауап бере алмасақ, тіпті жай мемлекеттердің де қатарынан шығып қалуымыз мүмкін. Сондықтан, тоқмейілсуге болмайды. Қазір әлемдік бизнестің 62 пайызы онлайн режимде жұмыс жасайды. Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы өмір сүру жедел бейімделуді талап етеді. Жуырда Татарстанға барған іссапарында олардың тың жаңалықтары көп екеніне көзіміз жетті. Иннополис «ақылды қаласында» тіпті лицей оқушыларының өзі 3D-принтерлерді қолданып, жасанды адам жасамақшы. Университет емес, мектеп қабырғасында жүріп осыншама озық тәжірибелерді жүзеге асырмақшы. Осы орайда облыс әкімінің арнайы білім гранттары бөлініп, Елбасы Жолдауында көрсетілген болашақта сұранысқа ие болатын кадрларды дайындайтын боламыз. Қашанғы өзгелердің шаңын жұтып жүреміз, – деген Қ.Елеуұлы Елбасы Жолдауындағы өнеркәсіптік технология жайында тереңнен толғап, он бағытты орамды ойларымен ортаға салды.
Ал, ауданның даму көрсеткіштеріне тоқталған Қ.Көшербаев: «Аудан тым жақсы дамып келе жатыр. Соңғы бес жылда 92 млрд. инвестиция тартылды. Кентке газ келді. Ауылшаруашылығына байланысты жер мәселесі шешілді. Облыс бойынша 144 мың га. суармалы жерлерді 98 млрд. теңгеге инженерлік жүйеге қалпына келтіру жоспарланып отыр. Дегенмен, айта кететін бір-екі мәселе бар. Аудан кірісі 60 пайызға өскен, оның ішінде өз кірісі бар болғаны 17-ақ пайыз. Облыстық трансфертке қарап отыра бергендеріңіз жарамайды. Ауылшаруашылығына келер болсақ, «Құлан» бағдарламасына бір де бір адам қатыспаған. Аудандағы жұмыссыздық деңгейі облыс деңгейінен жоғары», – деп атқарылған ауқымды істер мен әлде де жандандыруға тиісті жұмыстар жөнінде әңгіме өрбітті.
Ұсыныс-пікірлерге кезек келгенде Шиелі ауданының құрметті азаматы П.Архабаев мінберге көтеріліп, облыс экономикасының дамуы алға шыққандығын және осы бағытта жасалып жатқан толайым істерге көз қуанып, көңіл тоятындығын жеткізді. Ал, облыс әкімінің биылғы жылды кәсіпкерлік жылы деп жариялайтындығын естіген аудандық мәслихат депутаты А.Әбдіқадырова өзінің бірнеше жылдан бері кәсіпкерлікпен айналысып және 50 адамды жұмыспен қамтып отырғандығын тілге тиек етті.
– Құрметті Қ.Елеуұлы, сіз аймаққа басшы болып келгелі кәсіпкерлік саласына ерекше көңіл бөліп келесіз. Осы жерде отырып биылғы жылды кәсіпкерлік жылы деп жариялайтындығыңызды естіп, көп жылдық тәжірибесі бар кәсіпкер ретінде өз пікірімді білдіруді жөн көрдім. Кәсіпкерлік пен орта бизнесті қолдау дегеніміз халықтың жағдайын жақсарту. Қосымша жаңа жұмыс орындарын ашу. Десек, сіз көтеріп отырған бастама бізге, кәсіпкерлер қауымына кәсіпкерліктің аясын кеңейтуге жасалып отырған орасан мүмкіндік. Көтеріліп отырған осынау бастаманы әкелік қамқорлық ретінде қабылдап отырмыз. Осы аталған мүмкіндіктерді пайдалана отырып, аудан тұрғындарын аймақ басшысының бастамасын қолдауға, кәсіптен нәсібін табуға шақырамын, – деп аяқтады өз ойын 26 жыл бұрын нарықты әліппесінен бастаған А.Әбдіқадырова.
Аймақ басшысының қамқорлығы аясында Ресейдің Мәскеу қаласындағы «МИСиС» ҰТЗУ-де 4 курс оқып жүрген С.Бауыржанұлы да лебізін білдірмекке көпшілік алдына шықты. Өзі қатарлы 400-ден аса жасқа аталған елде білім нәрімен сусындауға мүмкіндік бергенін алға тарта отырып, алған білімдерін ел игілігі үшін сарп ететіндігін зор қуанышпен жеткізді. Сонымен қатар, оқып жүрген университет қабырғасында да кездесіп жүргендігін, дегенмен, туған топырақтағы кездесудің жөні бөлек екендігін де толқыныспен ортаға салды.
Жалпы алғанда, былтырғы жылы ауданда іргелі істер мен ірі жобалар іске асырылып, көптеген жұмыстар қолға алынды. Аудан әкімінің атқарған жұмысына тұрғындардың көңілдері марқайып тарқасты.
Дина ЖҮСІПОВА.