Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Парижде қазақстандық фотографтың жеке көрмесі ашылды

Парижде қазақстандық фотографтың жеке көрмесі ашылды

Франция Астанасы Парижде фотограф Тұрар Қазанғаповтың "Менің Қазақстаным" атты көрмесі ашылды. 


Бұл экспозицияның ашылуына Қазақстанның Франциядағы елшілігі, Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ғалиев Жан Сержанұлы бастама жасаған. 

Көрме Париждің қақ ортасында Луврға қарама-қарсы көне ғимараттың ішінде орналасқан. Экспозицияға Тұрар Қазанғаповтың бірнеше жыл бойы жасап келе жатқан еңбегінің сюжеттері негіз болды.

Көрменің ашылу салтанатында лентаны Париждегі орталық бірінші округтін мэрі Жан-Франсуа Легарет пен Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жан Ғалиев қиды.

Көрмеде қойылған жұмыстардың арасынан Сəкен Сейфуллиннің туған ауылының суреті де бар. Аталмыш көрме арқылы Қазақстанның қандай əрқилы екенін көруге болады.

Көрме бүгіннен бастап, келушілерді қабылдайды. Көрменің ашылуы кезінде Париж төрінде Ұлыстың Ұлы күні аталып өтілді. 

Бұл іс-шараны Қазақстанның Франциядағы елшілігі ұйымдастырды. 

Көрмені тамашалауға қала басшылығы, сонымен қатар Франция елінің өнер майталмандары келеді деп күтілуде. Дәстүр бойынша, аталмыш шараға Францияда тұратын қазақ диаспорасы да атсалысады.



05 сәуір 2019 ж. 1 025 0