Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Аймақ басшысы ауқымды істермен танысты

Аймақ басшысы ауқымды істермен танысты

         

        
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Шиелі ауданына келді. Ол алдымен Шиелі кентіндегі Көкшоқы мөлтек ауданындағы  «Рәміздер алаңының» ашылу салтанатына қатысты.

         «Рәміздер алаңында» Мемлекеттік Елтаңба, Гимннің мәтіні және 23 метрлі биіктікке, яғни флагштокқа Мемлекеттік Ту орналасқан. Бұл нысанға аудан бюджетінен 31 млн теңге қаржы бөлінген. Одан кейінгі бағыт «күріш ақтау зауытының» жұмысымен танысты. Өндірістің қуаты қазіргі уақытта зауыт тәулігіне 86 тонна күрішті қайта өңдеп, ақтауда. Сондай-ақ, 12 адамды қамтып отырған бұл кәсіпорын ашылғалы бері 28 тонна күріш жармасын шығарып, тапсырыстарды орындауда. Сала басшысы қарқынды жұмысқа сәттілік тілеп, одан әрі артыра беруді тапсырды. Бұдан соң өңір басшысы, «Рухани жаңғыру» аллеясымен танысты. Аудан орталық алаңда орналасқан  «Рухани жаңғыру» аллеясы 3 бөліктен құралған. Яғни, Рухани жаңғыру аллеясында биіктігі 11 метр болатын «Мәңгілік Ел» монументі, «Қазақ хандығы» монументі орналасқан. Сонымен қатар, қазақ халқының ежелгі дәуірі, лайдбокстарда Тәуелсіздік жылдарындағы қабылданған тарихи шешімдер кезеңі жазылған «Рухани жаңғыру» аллеясын аралады. Сондай-ақ, аймақ басшысы Ы.Жақаев кесенесіне құран бағыштап, облыс әкімі жанындағы «Жастар кеңесінің» көшпелі жиналсымен жалғасын тапты.

         Аудандағы бірнеше өндіріс орындарын аралаған өңір басшысы кәсіпкерлікті дамыту, жұмыс орындарын ашу жөнінде тапсырмалар беріп, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартатын жұмыстарды жандандыруды тапсырды.

«Өскен өңір» ақпарат.
03 сәуір 2019 ж. 1 341 0