Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 26 наурыз күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғалар

26 наурыз күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғалар


Халықаралық ақпарат агенттігі 26 наурыз күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларды оқырман назарына ұсынады. Сағат 09:00-де Үкімет үйінде Министрлер кабинетінің отырысы болады. Онда 2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы қаралады. Сонымен қатар Жастар жылын өткізу жөніндегі жол картасы талқыланады. Ал сағат 10-00-де еліміздің Ішкі істер министрлігінде БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен «Түзеу мекемелеріндегі радикализмды туындататын зорлық-зомбылықтың алдын алу және экстремистік әрі лаңкестікке бейім қылмыс жасағандармен жұмыстар бойынша күш-жігерді қолдау» бірлескен бағдарламасына қол қою шарасы өтеді. Шараға ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Ж.Сүлейменов, Қырғыз Үкімет жанындағы Жазаларды орындау мемлекеттік қызметінің төрағасы, Қазақстандағы Еуропалық одақ пен Нидерланды Корольдігі Елшіліктерінің, БҰҰ-ның өкілдері, ҚР Бас прокуратурасы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қызметкерлері және жоғары оқу орындарының өкілдері қатысады. 15-30-да Үкімет үйінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың қатысуымен «Жастар жылын өткізу жөніндегі жол картасы» тақырыбында баспасөз мәслихаты болады.
25 наурыз 2019 ж. 974 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930