Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КИЕЛІ ЖЕРЛЕРГЕ КЕНДЕ ЕМЕСПІЗ

КИЕЛІ ЖЕРЛЕРГЕ КЕНДЕ ЕМЕСПІЗ


Қазіргі кезде асқан белсенділікпен Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тікелей басшылығымен және қадағалауымен жүзеге асырылып жатқан «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы мен оның құрамдас бөлігі «Қазақстанның киелі жерлері географиясы»   еліміздегі киелі жерлер мен  жалпыхалықтық қасиетті орындарды ел арасында насихаттап, туристік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған іс-шаралардың ауқымын айқындады.
Бағдарламаны іске асырудың теориялық және әдістемелік негіз­демесін жасаудың ғылыми жоба­сын дайындау мен оны орындау Ә.Марғұлан атындағы Археология институты (директоры – Б.Бай­танаев) мен Ш.Уәлиханов атын­­дағы Тарих және этнология инс­ти­тутына (директоры – З.Қа­был­­динов) жүктелген бола­тын. Білікті ғалымдардың тыңғы­лық­ты ізденісі нәтижесінде, «Қазақ­стан­ның киелі жерлері географиясы» жобасына енгізілетін нысандардың таңдап алыну талаптарының ғылыми негіз­де­ме­сін жасау мен нысан­дар­дың қорытынды тізбесін қалып­тас­ты­ру» тақырыбындағы жоба жасалып, жүзеге асырылуда.
Басшылыққа, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақала­сында айтылған: бізге «Қазақстан­ның қасиетті рухани құндылық­тары» немесе ғалымдар айтқандай «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» жобасы керек. Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі. Бұл – рухани дәс­түрдің басты негіздерінің бірі. Қазақ халқы үшін бұл аса маңызды. Біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы даланың көз жеткізгісіз аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Бірақ осынау рухани географиялық белдеуді мекен еткен халықтың тонның ішкі бауындай байланысы ешқашан үзілмеген. Біз тари­хы­мыз­да осынау көркем, рухани, қас­тер­лі жерлеріміздің біртұтас желі­сін бұрын-соңды жасаған емес­піз. Мәселе еліміздегі ескерт­кіш­терді, ғимараттар мен көне қалаларды қалпына келтіруде тұрған жоқ. Идеяның түпкі төркіні Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Яссауи мавзолейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудың киелі мекендерін және басқа да жерлер­ді өзара сабақтастыра оты­рып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыруды меңзейді. Мұның бәрі тұтаса келгенде хал­қы­мыздың ұлттық бірегейлі­гі­нің мызғымас негізін құрайды. Біз жат идеологиялардың әсері туралы айтқанда, олардың артында басқа халықтардың белгілі бір құнды­лық­тары мен мәдени символдары тұрғанын есте ұстауымыз керек. Тиісінше, оларға өзіміздің ұлттық құндылықтарымыз арқылы ғана төтеп бере аламыз. Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де бізді кез келген руха­ни жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқа­ны­мыз әрі ұлттық мақтанышы­мыз­дың қайнар бұлағы. Ол – ұлттық бірегейлік негіздерінің басты элементтерінің бірі. Сондықтан мыңжылдық тарихымызда біз алғаш рет осындай ауқымды жобаны жасап, жүзеге асыруға тиіспіз» деген ұсынысы алынды.
Киелі жерлер географиясына көп көңіл бөліп, оны кең мағы­на­сында тануымызға жобаның ти­гі­зер көмегі өте зор. Сонымен қатар жоба жүзеге асырылуы бары­сын­да алынатын тұжырымдар: тұрғы­лықты халықтың мекендеп отыр­ған экологиялық ортасын қорғау талабына сай келетіндігі туралы түсінігін қалыптастыруға және азаматтардың экологиялық білімі мен тарихи және экологиялық туризмнің дамуына, ел азамат­та­ры­ның тиісті мінез-құлық пси­хо­ло­гиясын қалыптастыру және жаңа қазақстандық патриотизмді жандандыруға ықпалын тигізеді. Маңызды мәселе, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру еліміздің киелі жерлеріне кеңінен зерттеуді талап етеді.
Жобаны жүзеге асырар алды­н­да, «Киелі жерлер географиясы» жобасына енгізілетін нысандарды іріктеудің ғылыми негізделген крите­рийлерінің жаднамасы жасал­­ды. Осы уақытқа дейін белгі­лі бір серпіліс соңғы ғасырлар­дағы тарихи, мәдени және археоло­гия­лық мұраларды зерттеуде ғана бай­қа­лады, ол – ғылыми зерттеулер, таны­мал ғылыми-танымдық жұ­мыс­­­тар, археология, тарих, сәу­лет ескерт­кіштерінің тізімдері мен мате­риалдар жинағынан көрініс тапты. Сондай-ақ қасиетті жер­лер­ді зерттеуде мұндай үрдіс белгілі бір уақыт аралығында ғылыми дәстүр ретінде қалыптасып қалды. Жобада көрсетілген Қазақстанның киелі жерлері географиясын зерттеу – бел­гі­лі бір тарихи маңызы бар, халық киелі деп санайтын шағын көлем­дегі болсын, үлкен көлемдегі бол­сын мекендерді зерттеу бола­шақ үшін аса маңызды.
Киелі жерлер географиясының атал­мыш нысандарының барлығы – үлкен көлемдегі таным мен зерт­теу әдістерін қолдануды, оның ішін­де жазбаша ақпарат көздерін, тарихи және өлкетану әдебиет­те­рін, көптеген мұрағаттық куәлік­тер­ді, мерзімдік басылымдар мен ауызша мәліметтерді іздестіру мен талдауды, негізгі тұжырымдарды айқындау мен саралауды әрі киелі орындар туралы білімімізді жаңар­ту және далалық зерттеу жұмыс­та­рын жүргізуді, нысанды суретке түсіруді, елдімекеннен қашықтығы мен жол жағдайын анықтауды қажет етеді. Бұл үшін тізбедегі ны­сан­дарға ғалымдардан жасақ­тал­ған арнайы экспедиция іссапарға қысқа мерзімге аттандырылды. Еліміздің аумағы өте үлкен екенін және оның табиғат нысандары мен киелі деп саналатын ескерткіш­тері­­нің көптігін ескеретін болсақ, мұн­дай жұмыстар жақын бола­шақ­та жалғасын тауып, көптеген жыл­дар бойы жүргізілуі тиіс екендігі айқын.
Болашақта мұндай жұмыстың нәтижесінде, көп томдық анық­тама­лық және энциклопедиялық сипаттағы басылымдар, толық­қан­ды ғылыми зерттеулер дайын­да­лып, көптеген ерекше мәтіндер, құжат­тар мен бейнелі басылымдар жариялануы қажет. Бастысы, Қазақ­станның киелі жерлері гео­графиясы бойынша жиналған мәліметтер өсіп келе жатқан ұр­пақ­ты тәрбиелеуге пайдасын тигі­зеді, тарихи-мәдени және таби­ғи құндылықтарға деген құр­мет пен сүйіспеншілікті оятады, табиғат пен оның бай­лығын қорғау ісінде көмек­теседі, ішкі және сыртқы туризм мен туристік инф­рақұры­лы­мның дамуына септігін тигізеді.
Ә.Шашаев.

26 желтоқсан 2017 ж. 2 514 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031