Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қосаман кесенесі

Қосаман кесенесі


Қосаман кесенесі Арал ауданынан 120 шақырым қашықтықта өзі аттас ауылдың маңайында орналасқан сәулет ескертіші. Ауыл ақсақалдарының айтуынша Қосаман кесенесі туралы деректер кездесіп отырады. Бірінші деректен білетініміз Қосаман бай кісі болған және ел басқарған. Қосаманның ел басқарып қартайып дүниеден өткендігі туралы мына бір өлең шумақтары ел аузында сақталып қалған.
Қосаман Дастанменен елдің басы,
Қалған жоқ екеуінде қойдың жасы.
Елубай, Тілеуберген ел басқарған,
Жаңа алған екеуі де қоқал масы.
Өлең өте ұзақ болған бірақ ұмытылып қалған. Бұл бір шумақ өлеңнен аңғарғанымыз Қосаман мен Дастанның қартайып өлгендігі және Қосаманның Елубай, Дастанның Тілеуберген деген балаларының болғандығын, ел басқарғандығын дәлелдейді. Қосаманның руы Төртқараның Қызылы. Қосаман жері төртқара руы мекендеген жерлердің бірі. Олай дейтініміз осы төңіректегі қорымдарда Төртқара руының қауымы жерленгендігі осының дәлелі. 
Қосаман қайтыс болғанда кесенені баласы Елубай әкесіне арнап салдырған. Баласы Елубай да заманында белгілі би, атақ абыройы бар ауылнай болған. Ол осы билік пен байлықтың арқасында Қосаман кесенесін қырық жігіттің күшімен бір жазда салып бітірген. Қосаман кесенесінің кірпішіне биенің сүтін қосып, жылқы аяғымен илетіп, құм төбенің басына тұрғызған. Кесененің ірге тасы шақпақ тастардан қаланған. Бұл кесененің жоғарғы бөлігіне үлкен күмбез және кіші күмбез орнатылған. Салынғаннан бері бірнеше ғасыр өткендіктен жаңбыр мен қар суынан кіші күмбезі құлап, қабырғасындағы кірпіштердің көбісі түсіп қалған. Кесененің ішінде үш адам жерленген. Екі адам жерленген сағана дулыға тәріздес етіп салынған. Мұнда Қосаман мен оның әйелі жерленген деседі. Үшінші сағананың тұрқы кішілеу мұнда Қосаманның баласы немесе немересі жерленген деген болжам бар. Кіші күмбездің ішінде адам түнеуге, зиярат етуге жағдай жасалған. Бұрын бұл жерде ошақ, ыдыс – аяқ, төсеніштер болған көрінеді. Кесене ерекшелігі сусылдаған құм басында тұрса да өз қалпын сақтаған. Ел арасына тараған екінші бір деректерде бұл кесенеге Еламан мен Жоламан есімді қос жігіт жерленгендіктен Қосаман аталып кеткен делінеді.
Ескерткіш төбе басында орын тепкен, оның оңтүстігіне қарай көне заманғы құрылыстың қираған үйінділері байқалады, ал шығысына қарай, төбенің бөктерінде, құлап жатқан қоршаулардың қалдықтары бар. Кесене бұрыштарымен әлемнің төрт бұрышына бағытталған. Ескерткіш аршылмаған кірпіштен салынған және күйдірілген кірпішпен қапталған, аршылмаған блоктардан және өңделмеген тастарған жиналған іргетасы бар. Төменгі бөлігінде - іргетасы мен жертөледе кірпіш қалауының сортаңдауынан қорғап тұратын қамыс қабаттары төселген. Қосаман кесенесі, бүйір бет жағындағы кіреберісі тән Сырдария өзені сағасына тән ерекшелерін көрсете отырып, осы сынды құрылыстардан айтарлықтай ерекшеленеді, бұған себеп кіреберіс және жерлеу камераларының үйлесімі сатылы сырт пішінге ие. Кесене бүйір бет жағындағы кіреберісі бар (құрылыстың бойлық белағаштарына перпендикулярлы) ескерткіштердің тобына жатады және түрлі көлемді күмбездермен жабылған камералардан тұрады, олардың белағаштары біреуі екіншісіне қарағанда Т-бейнелі орналасқан. Кіреберіс камера 4х4м өлшемді, жоспары жағынан төрткіл, оңтүстік-батыс жағынан дәл сондай төрткіл, өлшемі 9х9м болатын басты құрылысқа жалғанған. Құрылыстың жалпы биіктігі іргетас табаны мен жертөлені қоспағанда, күмбезбен бірге 6 м құрайды. Оған шарконусты күмбезбен жабылған, зенитті саңылауы мен оның төменгі бөліктеріндегі саңылаулары бар дөңгелек жерлеу камералары енгізілген. Іргетастарды шығыңқы орталық аумақ ретіндегі, ені жағынан кіреберіс бөлмеге пара-пар етіп жасау әдісі құрметке лайық, бұл сөзсіз көркемдік табыс болып саналады. Бұдан бөлек, жерлеу камерасының аса үлкен емес диаметрінің есебінен, кесенінің қабырғаларының қалыңдығы айрықша. Кесене декорациясы негізгі құрлыстың бет жағының жоғарғы бөліктерін сәнді қалаулардың белағашымен қамтып өтеді («қабырғалы», «жүгіргіш»), интерьерде камера іргетасы күмбезден қапталған перспективалық қақпалардан аракатуралық фриз арқылы бөлініп тұр. Кесене камерасында күмбез тәрізді екі құлпытастар бар. Ескерткіш қатты қираған: кіреберіс камерадан тек кіреберіс ойығымен бірге қабырға аумағы ғана және күмбездің табаны қалған. Бет жағының қаптаулары да қирағандығы көрініп тұр.
Қызылорда Облыстық Ескерткіштерді Қорғау ФБ парақшасынан.
11 тамыз 2018 ж. 2 039 0