Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚОРҒА ТҮСКЕН ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕР

ҚОРҒА ТҮСКЕН ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕР

Сан ғасырлардан сәні мен тұрпатын жоймай, киесі мен қасиетін сақтаған құнды жәдігерлер Ыбырай Жақаев атындағы музейдің қорына тіркелді. Ол – орақ. Күнделікті есік алдындағы бақшада қол орақты қолданып жүрген боларсыздар. Алайда музейде тұрған орақтың тарихын білесіздер ме?
Аталған музей қорындағы құнды жәдігердің бірі, егіншілік құралы – қол орақ. Орақ адам баласы өнім өндіре бастаған неолит дәуірінде пайда болған. Алғашқыда микролит тастар таңдап алынғанда, ағашқа немесе сүйекке ұзына бойына орнатылып, қара маймен бекітілген. Онымен жабайы дәнді дақылдар немесе қолдан өсірілген егін орылды. Қола және темір дәуірінде орақ металдан жасалды. Ол кездегі орақ сәл ғана иілген, шағын болды. Уақыт өте келе көлемі үлкейіп, жетілдірілді. Дәстүрлі қазақ қоғамында орақтың шалғы орақ, қол орағы, қазақы орақ секілді түрлері бар.
Ең қызығы, екі мәрте Социалистік еңбек ері, атақты күрішші Ыбырай атамыздың өзі пайдаланған қол орақ бұл. Орақ – егін оруға, шөп оруға пайдаланған еңбек құралы. Орақтың қол сабы ағаштан, иіліп металдан құйылып жасалған. Бұл қол орақ ХХ ғасырдың басында «Қызылту» колхозында ұста болған Сахиев Сейтімханның қолынан шыққан еңбек құрал. Көлемі биіктігі – 41,5см, ені – 33 см. Еңбек құралы орақ музейде 1982 жылдан бері сақталып келеді.
Келер ұрпақ рухани байлық пен ұлттық жәдігерлерді танып-біліп, тұмар қылып тағу арқылы елінің жарқын игіліктерін таниды. Бұл тұрғыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының орны. Киелі Шиелі топырағында жүргізілген әр жылдардағы қазба жұмыстары кезінде табылған көне жәдігерлер тарихтан тамыр тартып тұрады. Содан болса керек-ті, аудандық тарихи-өлкетану музейіне келушілердің саны әсте сиреген емес.
25 қараша 2022 ж. 2 333 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930