Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Құнды болған қол орақ

Құнды болған қол орақ

Орақ. Күнделікті есік алдындағы бақшада қол орақты қолданып жүрген боларсыздар. Алайда музейде тұрған орақтың тарихын білесіздер ме? Оны аудандық Ы.Жақаев атындағы музейден көреуге болады.
Аталған музей қорындағы құнды жәдігердіңбірі, егіншілік құралы – қол орақ. Орақ адам баласы өнім өндіре бастаған неолит дәуірінде пайда болған. Алғашқыда микролит тастар таңдап алынғанда, ағашқа немесе сүйекке ұзына бойына орнатылып, қара маймен бекітілген. Онымен жабайы дәнді дақылдар немесе қолдан өсірілген егін орылды. Қола және темір дәуірінде орақ металдан жасалды. Ол кездегі орақ сәл ғана иілген, шағын болды. Уақыт өте келе көлемі үлкейіп, жетілдірілді. Дәстүрлі қазақ қоғамында орақтың шалғы орақ, қол орағы, қазақы орақ секілді түрлері бар.
Ең қызығы, екі мәрте Социалистік еңбек ері, атақты күрішші Ыбырай атамыздың өзі пайдаланған қол орақ бұл. Орақ – егін оруға, шөп оруға пайдаланған еңбек құралы. Орақтың қол сабы ағаштан, иіліп металдан құйылып жасалған. Бұл қол орақ ХХ ғасырдың басында «Қызылту» колхозында ұста болған Сахиев Сейтімханның қолынан шыққан еңбек құрал.Көлемі биіктігі – 41,5см, ені – 33 см. Еңбек құралы орақ музейде 1982 жылдан бері сақталып келеді.
Келер ұрпақ рухани байлық пен ұлттық жәдігерлерді танып-біліп, тұмар қылып тағу арқылы елінің жарқын игіліктерін таниды. Бұл тұрғыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының орны. Киелі Шиелі топырағында жүргізілген әр жылдардағы қазба жұмыстары кезінде табылған көне жәдігерлер тарихтан тамыр тартып тұрады. Содан болса керек-ті, аудандық тарихи-өлкетану музейіне келушілердің саны әсте сиреген емес.

С.БАХТИЯРҚЫЗЫ
15 тамыз 2022 ж. 1 502 0