Абызға айналған Асанәлі
Елімізге еңбегі сіңген өнер қайраткері, КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовтің 85 жылдығы қарсаңында Алматы музейінде «Абызға айналған Асанәлі» атты көрменің ашылуы өтті.
Құнды бұйымдарды топтастырып, ел назарына ұсынған көрмеге сахна саңлағының өнердегі үзеңгілестері, әріптестері мен жақын жолдастары, зиялы қауым өкілдері қатысты. Кино және театр өнерінің мэтрі Асанәлі Әшімовтің мерейтойын барлық мекемелер арасында алғашқы болып атап өтіп, жыл бойы өтетін тағылымды шаралардың шеруін бастап, қызықты көрме ұйымдастырған Алматы музейінің сергектігіне мән берген қала әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев ұлт мәдениетіне еңбегі сіңген абызды мерейтойымен құттықтап, көрме жұмысына сәттілік тіледі.
Сондай-ақ М.Әуезов атындағы Ұлттық драма театрының директоры Еркін Жуасбек, Қазақстанның халық әртісі, профессор Есмұхан Обаев, академик Төрегелді Шарманов, ақын Жүрсін Ерман, композитор Алтынбек Қоразбаев секілді өнер мен әдебиеттің ірі өкілдері өмірі өнегеге, ғұмыры ғибратқа, тағдыры тағылымға айналған сахна сайыпқыраны Асанәлі Әшімовке ақжарма лебіздерін ақтарды. Американың әйгілі «Санта-Барбара» телесериалында Мэйсонның рөлін ойнаған Лэйн Девис те осы шараға арнайы қатысып: «қандай ел екеніне қарамастан, біз өмір сүріп отырған қоғамның өнерінде мыңдаған жұлдыз жүр. Бірақ самсаған жұлдыздың ішінде бір жұлдыз ерекше жарқырайды. Ол – Асанәлінің жұлдызы. Асанәлі сияқты жұлдыз – біреу ғана» деген жүрекжарды сөзі көптің көңілін толқытты.
Алматы музейі ұйымдастырған көрмеде театр корифейінің жеке қорынан 200-ге жуық экспонатты қызықтауға болады. Мазмұнды көрмеге көрік берген жеке бұйымдардың арасында өзі түскен фильмдердің цифрлық жинағы, ескі журналдар мен кітаптар, шетелдік кино камерасы, портсигарлар, шахмат тақталары, белгілі шеберлердің шабытты шығармашылығынан туған автопортреттері, мүсіндері, стереопластинкалар, марапаттары мен мемлекет басшыларының қолы қойылған маңызды құжаттар, кәдесыйлар, сахналық костюмдер ерекше көзге түседі.
https://egemen.kz