Әлемнің сегізінші кереметі атанған Қожа Ахмет Яссауи кесенесі - ортағасырлық сәулет өнерінің шыңы
Түбі бір түркі жұрты үшін жұмыр жер бетінде қастерлі қос мекен бар. Бірі – Алтай, екіншісі – Түркістан. Түркістан – түркі жұртының бірыңғай дүниетанымын, ділі мен дінін қалыптастырған рухани астана. Халықтық қалпымыз бен дәстүр-салтымыз мейлінше сақталған сырлы өлке хақында Қазақстанның Халық Жазушысы Ә.Кекілбай: «Түркістан... Жүректі дір еткізер бір ауыз сөз», - деп ой орнықтырған.
Тұтас ұлттың бірегей болмысын айқындап берген Түркістан – тарлан тарихымен қатар, теңдесі жоқ текті мұраларымен де дараланған өзгеше өңір. ХIV ғасырда тұрғызылған бірегей архитектуралық ескерткіштің бірі – Қ.А.Яссауи кесенесі тілге тиек. Түркістан шаһарындағы басты туристік нысан - Қожа Ахмет Ясcауидің кесенесі – Орта Азия мен Қазақстандағы теңдесіз тарихи жәдігер. Бұл ғажайып сәулет өнерінің туындысын атақты Әмір Темір 1397 жылы салдырып бастаған. Қысқа мерзімде, яғни небәрі 10 жыл ішінде бой көтерген кесене жергілікті әрі Шығыс мұсылман құрылыс тәжірибесін жинақтаған бірегей ғимарат ірі порталды-күмбезді құрылысқа жатады. Кесене портал және күмбездерден құралған тікбұрышты ғимараттардан тұрады. Аркалы порталдың биіктігі – 37,5 метр, басты күмбездің биіктігі – 44 метр, диаметрі – 22 метр. Сыртқы қабырғалардың қалыңдығы – 2 метр, ал орталық дәліздердікі – 3 метр. Орталық бөлменің төңірегінде түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме бар. Көркі көз тартар бұл зәулім ғимарат 8 түрлі бөлмелер тобынан тұрады: қазандық, үлкен ақсарай, кіші ақсарай, құдықхана, кітапхана, асхана, көрхана, мешіт. Аса күрделі тамаша архитектуралық құрылыста діни-ғұрыптық, діни-ағартушылық, тұрмыс-салттық қызмет түрлерін атқаруға болады.
Бүгінде кіре беріс ғимараттағы жазбада «Бұл киелі орын Алланың сүйікті құлы, әмірші Әмір Темірдің бұйрығымен тұрғызылған – Алла оның әмірін мәңгілік етсін!» деп жазылған. Кесененің үш қабырғасының үстіңгі жағында Құраннан алынған сөздер жазылған. Мұнда «Алла», «Мұхаммед», «О, жарылқаушы», «Билік Аллада», «Алла менің әміршім» деген секілді, т.б. сөздерді оқуға болады. Кесененің солтүстік-шығыс бетінде Ӏлияс хан ойығының үстіндегі фриз соңында «Шираздық Қожа Хасан» және «һиджраның 800 жылы» деп жазылған. Күллі әлем көз тіккен Ұлы Жібек жолының ортасындағы ең үлкен қала, рухани-тарихи астанаға миллионнан астам зияратшылар келеді. Кесене ішіндегі орталық зал – күмбезбен жабылған негізгі салтанатты кеңістігі қазандық деп аталады.
Мұнда ертеден қалған киелі зат қола Тайқазан орналасқан. Сыйымдылығы 60 шелек, диаметрі – 2,2 метр, салмағы 2 тонна. Аңыз бойынша, Тайқазан Қарнақ ауылындағы сирек кездесетін 7 металдың қорытпасынан жасалған. Бұл ынтымақтың және қонақжайлылықтың белгісі. Сенім бойынша, тайқазаннан су ішкен адам жамандықтан тазарады.
2003 жылы Парижде өткен ЮНЕСКО-ның 27-сессиясында Қожа Ахмет Яссауи кесенесі дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізілген. Бүгінде бұл тарихи-мәдени ескерткіш сұранысқа ие әрі белсенді дамып келе жатқан туристік бағыттың бірі. Сәулеті ерен, тарихы терең Түркістанның туристік әлеуеті күн санап арта түсуде. Бұл киелі топырақта Қазақстан ғана емес, түркі әлемі үшін қасиетті Қожа Ахмет Яссауимен бірге, қазақтың 21 ханы, 47 батыры, 19 биі және 8 сұлтаны, яғни бай тарихы жатыр.
Орталық Азияда Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне тең келетін сәулет өнерінің туындысы жоқ. Кесене маңайында өзге де түрлі мазарлар бой көтеріп бүгінде бұл жер пантеонға айналған. Жалпы көлемі 90 га жерді қамтитын қорық-мұражайда XIV-XVI ғасырға жататын Сегіз қырлы кесене, XV ғасырда салынған Ұлықбектің қызы, Әбілқайыр ханның жұбайы Рабиға Сұлтан Бегімнің кесенесі, XIV-XVIІ ғасырда бой көтерген Шығыс моншасы, Түркістанды қазақтан алғаш билеген Есім хан кесенесі мен Жұма мешіті т.б сәулет өнерінің үздік тарихи-мәдени ескерткіштері бар.