Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Месси ұлттық құрамаға оралды

Месси ұлттық құрамаға оралды

ÐеÑÑи ұлÑÑÑÒ ÒÒ±ÑамаÒа оÑалдÑ

Шымкентте футболдан Қазақстан кубогының алғашқы іріктеу кезеңі басталады, деп хабарлайды «Хабар 24». Бірінші және екінші лига командалары төрт топқа бөлінген. Әр топтың жеңімпазы 1/8 финалға жолдама алады. Премьер-лига командалары екінші кезеңде жарысқа араласады. Бүгін «Алтай» – «Рузаевкамен» кездессе, «Екібастұз» - «Қызылжармен» алаңға шығады. Каратэден республикалық спартакиада аяқталды Қарағандыда киокушин шеберлері арасындағы республикалық спартакиада өтті. Каратэнің бұл түрі кешенді сынның бағдарламасына биыл қосылды. Жарысқа еліміздің барлық аймағынан 250-ге жуық спортшы жиналып, олар 2 күн бойы өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде Астана қаласы, Ақмола облысы және Шығыс Қазақстаннан келген құрамалар алға шықты. Жалпы есептегі үздік бестікке Алматы қаласы мен жергілікті спортшылар кірді. Алматы облысы мен Батыс Қазақстан спортшыларының еншісінде 1 алтыннан бар. Еліміздің жазғы спартакиадасы төрт жылда бір өтеді. Биыл кешенді сын аясында 41 спорт түрі бойынша жарыстар ұйымдастырылады. Месси ұлттық құрамасына оралды Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси ұлттық командасына оралды. «Барселона» футболшысы былтырғы әлем чемпионатынан кейін алғаш рет құрама сапындағы жаттығуға қатысты. Месси де Роналду секілді дүниежүзілік доп додасынан соң үзіліс алған еді. Қазір Лионель нағыз бабында. Испания чемпионатында мергендер көшін бастаған шабуылшы ұлттық құрама сапында екі жолдастық кездесудің біреуіне қатысады. Аргентина футболшылары Венесуэла және Мароккомен жолдастық кездесу өткізеді. Теннис: Indian Wells Masters Австриялық теннисші Доминик Тим Indian Wells Masters турнирінде топ жарды. Финалда ол Роджер Федерерден басым түсті. Алғашқы партияда швейцариялық спортшының мысы басым болды. Федерер 6:3 есебімен сетті өз пайдасына аяқтаған. Алайда қалған екі партияда Тим жинақылық танытты. Қорытынды есеп: 6:3, 7:5. Екі сағатқа созылған кездесуде Доминик Тим алғаш рет Федерердің осал тұсын тапты әрі спорттық мансабындағы айтулы жүлдесіне ие болды. Бұған дейін ол «мастерс» санатындағы турнирде жеңіске жеткен емес. Доминик Индиан-Уэлстегі жетістігінен кейін әлемдік рейтингте Роджер Федерерді төмен сырғытып, төртінші орынға көтерілді. Швейцариялық теннисші бесінші орынға жайғасты.
www.24.kz
19 наурыз 2019 ж. 772 0