Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АЛМАТЫЛЫҚТАР ІРІ ЖЕҢІСКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

АЛМАТЫЛЫҚТАР ІРІ ЖЕҢІСКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ


Алматыда Halyk Arena мұз айдынында ерлер арасындағы шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының екінші кезеңінің кезекті ойындары өтті. 

Алматы xоккей клубы өз алаңында елордалық «Астана» командасымен екі матч өткізіп 12:1 және 7:0 есептерімен ұтты. Бірінші күні өткен ойында алматылықтардың сапынан Цирулев 29 -ші секундта есеп ашып, Спиридонов, Казначеев, Мазунин, Борисенков, Смоилов және Евграфов, Рахманов, Ядрышниковтың қос голдары ірі есепке жеткізді. Ал, қонақтардың атынан жалғыз шайбаны Хрестьяновский салды.

Екінші кездесуде де алаң қожайындары қарсыластарынан басым болды. Казначеев, Евграфов, Шерстюков, Абрамочкин, Ядрышников, Рахманов, Алдамжаров сынды ойыншылардың соққылары қақпаға дәл тиіп 7:0 есеп болуына өз септігін тигізді.

-Барлық ойындар біз үшін маңызды, себебі осылар арқылы біз плей-офф-қа дайындалудамыз. Қарсыластарымыз жақсы болды, тәжірибелі әрі жас ойыншылар екені көрініп тұр. Бізде бірнеше гол салатын мүмкіндіктер болды, бірақ пайдалана алмадық, – деді «Алматы» ойыншысы Никита Цирулев.

Әзірлеген: Д.Балабекұлы
15 қаңтар 2018 ж. 1 044 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031