Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық волейболшылар Қазақстан чемпионы болды

Қызылордалық волейболшылар Қазақстан чемпионы болды

Қызылордалық волейболшылар Қазақстан чемпионы болды 2019 жылғы 16 қаңтар 00:03232 Бөлісіңіз: ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - 2005-2006 жылдары дүниеге келген қызылордалық волейболшылар жасөспірімдер арасындағы қысқы ел біріншілігінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қысқы чемпионат Павлодар қаласында өтті. Оған еліміздің әр өңірінен 16 команда қатысты. Аталмыш жарыс барысында Сыр өңірінің волейболшылары жоғары деңгейде ойын көрсете білді. Қызылордалық өрендер былтыр да жазғы және күзгі ел біріншіліктерінде жеңімпаз атанған еді. Осылайша, олар қатарынан үш мәрте чемпиондық тұғырға көтеріліп отыр. Сондай-ақ қызылордалық волейболшы Бекнұр Сайрамбек жарыстың үздік ойыншысы атанды. Айта кетейік, көктемгі ел біріншілігі Алматы облысының орталығы - Талдықорған қаласында жалауын көтереді. 

inform.kz
16 қаңтар 2019 ж. 1 000 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9308)

03 маусым 2025 ж.

№40 (9307)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (9306)

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30