Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық ауыр атлет Әлем чемпионатында екінші орынға шықты

Қазақстандық ауыр атлет Әлем чемпионатында екінші орынға шықты


Түрікменстан астанасы Ашхабадта өтіп жатқан ауыр атлетикадан 2018 жылғы Әлем чемпионында Александра Аборнева өз тобында екінші орынға шықты, деп хабарлайды КазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
С тобында 87 килограмнан ауыр салмақ жарысына Қазақстаннан Айзада Мүптілда мен Александра Аборнева қатысты.
Жұлқи көтеруден Айзада екінші (108 кг), Александра үшінші (105 кг) нәтиже көрсетті. Серпе көтеруден Айзада 130 кг, ал Аборнева 135 кг зілтемірді бағындырды. Осылайша, Аборнева қорытынды есеп бойынша екінші (240 кг), ал Мүптілда төртінші (238 кг) орынға тұрақтады. С тобындағы жалпы есепте британиялық Эмили Джейд Кэмбелл 248 кг нәтижемен көшбасшы болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін ерлер арасында Арли Чонтей (55 кг) күміс, әйелдер арасында Надежда Лихачева (71 кг) қола медаль алған болатын. Зульфия Чиншанло (55 кг) бесінші нәтижемен шектелді.
Ашхабадтағы Әлем чемпионаты 10 қарашаға дейін жалғасады. Жалпы, Қазақстан намысын биылғы додада 20 спортшы қорғап жүр.
11 қараша 2018 ж. 1 105 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930