Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Азиада-2018: 13-ші алтын. «Жеңісімді Денис Тенге арнаймын!»

Азиада-2018: 13-ші алтын. «Жеңісімді Денис Тенге арнаймын!»

Қазақстандық байдарка есішулер 200 метр қашықтыққа арналған жарыста, алтын алды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ұлттық Олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Комитет таратқан мәліметтерге қарағанда, алтынды қазақстандық байдарка есуші Инна Климова жеңіп алды. Оның жарыстағы нәтижесі - 42.045. Инна қытайлық қарсыласынан 0.462 секундқа озып кетті. Қола жүлде жапониялық спортшының еншісінде.
«Мен жеңіске жетемін деген мақсат қойдым. Өйткені, бұл еліміз үшін маңызды дода. Сондықтан, психологиялық тұрғыдан аздап қиындық туды. Барлығы осылай аяқталғанына ризамын. Енді төрт адамдық жарыста барымды саламын. Қолдауларыңызға рахмет! Бұл жеңісімді барша Қазақстан халқына және Денис Теннің рухына арнаймын», - деді Клинова.
Сондай-ақ байдаркамен 200 метрге жарыста Сергей Токарницкий күміс жүлдегер атанды. Сергейдің уақыт көрсеткіші - 35.745 секунд. Жеңімпаз атанған қытайлық спортшының нәтижесі - 35.373. Қола жүлде Сингапур өкіліне бұйырды.
«Өкінішке қарай, күміс жүлде... Бірақ еш мойымаймын. Алдағы Азия ойындарында немесе басқа да ірі жарыстарда алтын алуға тырысамын. Барлық Қазақстан халқына қолдау көрсеткені үшін алғысым шексіз», - деді Токарницкий.
Қазақстандықтардың абыройын осы жолы триатлоншылар да асқақтатты. Қазақстандықтар аса үлкен үміт арта қоймағанымен аталмыш спорт түрінен ел намысын қорғаған Аян Бейсенбаев күміс жүлде алды. Ол жүзу, веложарыс және жүгіруді 1:50:38 уақыт көрсеткішімен аяқтады. Аян Азия ойындарының чемпионы атанған жапондық Джампей Фуруядан 55 секундқа ұтылды. Үшінші орында қытайлық Мингсю Ли тұр. Ал 200 метрге каноэмен жарыста бәсекеге түскен Мерей Медетов пен Тимур Хайдаров жұбы қола жүлдені еншіледі. Қазақстандықтар бұл сында Қытай мен Өзбекстан спортшыларына жол берді. Медетов пен Хайдаровтың уақыт көрсеткіші - 37.371.
«Жарыс жоғары деңгейде өтті. Қолдан келгенше аянып қалған жоқпыз. Ең бастысы - өз нәтижемізге көңіліміз толады. Қарсыластардың бір бас жоғары болғанын мойындаймыз. Қолдау көрсеткен жанкүйерлерге көп рахмет!», - дейді Тимур Хайдаров.
Baq.kz
01 қыркүйек 2018 ж. 812 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930