ЕЛБАСЫ АЛҒАШҚЫ ОЙЫНДЫ ТАМАШАЛАДЫ
Қазақстан Президенті футболдан 2018 жылғы Әлем чемпионатының ашылу рәсіміне арнайы келіп, турнирдің алғашқы ойынын тамашалады.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеу қаласындағы «Лужники» стадионында футболдан 2018 жылғы Әлем чемпионатының ашылу рәсіміне қатысты.
Ашылу рәсімі аяқталған соң, Ресей және Сауд Арабиясы құрама командалары арасында чемпионаттың ақтық кезеңінің бірінші ойыны өтті.
2018 жылғы Әлем чемпионатының ақтық кезеңі 14 маусым мен 15 шілде аралығында өтеді. Турнирге 32 ұлттық құрама қатысады. Командалар арасындағы ойындар Ресей Федерациясының 11 қаласындағы 12 стадионда өтеді.
Айта кетейік, тартысты ойында Ресей құрамасы Сауд Арабия қақпасына жауапсыз бес доп соғып, турнирдегі алғашқы нәтижелі есепті тіркеді.