Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық боксшы қыз ер адаммен жекпе-жегі жайлы: Оны толығымен шешіндіріп тексерді

Қазақстандық боксшы қыз ер адаммен жекпе-жегі жайлы: Оны толығымен шешіндіріп тексерді

Қазақстандық боксшы Еркежан Дәулетжанқызы ер адам болып шыққан вьетнамдық «спортшы қызбен» болған жекпе жегі жайлы айтты.Айтуынша, тексеріс кезінде спортшының жынысы қыз екені белгілі болған. Алайда ДНҚ сараптамасы оның ер адам екенін көрсеткен, деп хабарлайды Sputnik.
Қазақ қызын жеңген вьетнам қызының еркек боксшы екенін жазған болатынбыз.
«Оның жыныс мүшесіне ота жасатқан-жасатпағаны әлі белгісіз. Нәтижесі шыққан соң маған бапкерлер хабарасып, оның ер адам екенін айтты. Бір жағынан қуандым, бірақ өзім жеңбеген соң керемет көңіл күйде емеспін», – дейді Еркежан.
16 жастағы боксшы айқас кезінде қарсылас қыздың соққысы ер адамға тән екенін байқаған. «Бастапқыда ер адаммен төбелесіп жатқандай болдым. Соққылары ауыр болды. Жылдамдығым жетпеді, физикалық тұрғыда мықты болды. Ол әлем чемпионатына қатысқан деп ойладым. Сондықтан тексеруден өткен екен, қыз бала шығар деп сендім», – дейді қазақстандық спортшы қыз.
Айтуынша, ветнамдық спортшының қыз екені теріске шықса, ол чемпион атағын алып, Аргентинада өтетін жастар арасындағы жазғы олимпиада ойындарына жолдама алады.
Еркежан Дәулетқызы Өскеменде тұрады. Спортқа 4 жыл бұрын келген. Бірінші бапкері – әкесі. Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанып, Якутияда өткен «Азия балалары» халықаралық спорт ойындарының финалисі болды.
Stan.kz
1
10 маусым 2018 ж. 650 0