Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Челсидегі» жоғары бәсеке: Дастан Сәтпаевты не күтіп тұр?

«Челсидегі» жоғары бәсеке: Дастан Сәтпаевты не күтіп тұр?

«Челсидегі» жоғары бәсеке: Дастан Сәтпаевты не күтіп тұр?Ұлыбританияның Daily Mail басылымы «Челси» сапындағы жоғары бәсекелестік Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев үшін негізгі сынақ болатынын жазды. Басылымның мәліметінше, лондондық клубтың бас бапкері Хаби Алонсоның қарамағында негізгі құрамның 46 футболшысы бар. Оның үстіне жаңа трансферлердің келуіне байланысты ойыншылар саны әлі де артуы мүмкін, деп жазады Egemen.kz.
Daily Mail 17 жастағы шабуылшы Дастан Сәтпаевтың  «Челсидің» шабуыл шебінде өз орнын табу үшін үлкен бәсекеге тап болатынын атап өтті.
Басылымның жазуынша, бір жылдық жалға беруден кейін Николас Джексон командаға оралған. Сондай-ақ 2025 жылдың ақпанында келісімшартқа отырған Дастан Сәтпаев та тамыз айында ресми түрде лондондық клубқа қосылмақ.
Сонымен қатар, басылым Сәтпаевтың «Челсидің» ресми сайтындағы негізгі құрам тізіміне әлі енгізілмегеніне назар аударған. Соған қарамастан, Қазақстан құрамасының шабуылшысы маусым алдындағы дайындық кезінде Хаби Алонсоның жетекшілігімен алаңға шығып үлгерген.
Сәтпаевтың шабуылдағы басты бәсекелестері қатарында Жоау Педру, Лиам Делап, Марк Гиу, Дэнни Уэлбек, Эмануэль Эмега және Николас Джексон бар. Daily Mail пікірінше, клуб басшылығы құрамды қысқарту үшін бірқатар футболшыны сатуы немесе жалға беруі қажет. Себебі кейбір позицияларда бір орынға сегізге дейін ойыншы таласуы мүмкін.
Бұған қоса, допингке қатысты ісі аяқталғаннан кейін Михаил Мудриктің командаға қайта қосылуы да шабуыл шебіндегі бәсекені күшейте түскен. Осылайша, Дастан Сәтпаев «Челсидегі» кәсіби жолын өте жоғары бәсекелестік жағдайында бастамақ. Енді Хаби Алонсо Қазақстан футболшысын негізгі құрамда қалдыру, жастар командасында ойнату немесе уақытша жалға жіберу жөнінде шешім қабылдайды.
Еске салайық, футболшы Аустралияның «Вестерн Сидней Уондерерс» клубына қарсы кездесуде алғашқы голын соқты.







04 тамыз 2026 ж. 37 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31