Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Челсидің» бұрынғы ойыншысы Кристиан Атсу Түркияда үйінді астынан өлі табылды

«Челсидің» бұрынғы ойыншысы Кристиан Атсу Түркияда үйінді астынан өлі табылды

Түркия «Хатайспор» клубының шабуылшысы, бұрын ағылшындық «Челси» сапында ойнаған Кристиан Атсу Түркияда үйінділер астынан өлі табылды. Бұл туралы футболшының агенті Мурат Узунмехмет Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.



«Кристиан Атсу табылды. Өкінішке қарай, ол енді бұл өмірде жоқ», – деп жазды Узунмехмет.
Түрік «Хатайспорының» шабуылшысы қираған ғимараттардың бірінің астынан табылды. Ол 31 жасында қайтыс болды.
Атсу өткен аптада Түркияда жойқын жер сілкінісі басталғаннан бері іздестіріліп жатқан болатын. Бұған дейін «Хатайспор» өкілдері футболшының қайғылы оқиға қарсаңында түрік клубынан кететінін мәлімдеген еді.
Гана құрамасының ойыншысы осы уақытқа дейін ағылшындық «Челси», «Эвертон», «Ньюкасл» және «Борнмут», португалиялық «Порту», испандық «Малага» және басқа да клубтарда ойнаған. Атсу түрік «Хатайспорына» 2022 жылдың қыркүйегінде қосылды.
18 ақпан 2023 ж. 325 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9363)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (9362)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031